Жамбыл облысы ТЖД Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының азаматтық қорғау қызметкерлері мен Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері №30 «Назерке» бөбекжай-бақшасында төтенше жағдайлардың алдын алу тақырыбында сабақ өткізді. Мұндағы басты мақсат өміріміздің жалғасы болып табылатын бүлдіршіндерді түрлі төтенше жағдайлардан қорғау және балабақша персоналдарын төтенше жағдай кезінде шұғыл әрекет етуге баулу болып табылады. ТЖ мамандары аталған шара барысында балабақша персоналдарына өрт немесе ТЖ кезінде «101» және«112» телефон нөмірлеріне хабарласу қажеттігін баса айтты. Алғашында ғимарат ішіндегі тәрибеленуші балаларды қауіпсіз орынға көшіру әрекетіне куә болған азаматтық қорғау саласының мамандары одан әрі бүлдіршіндерді өрт сөндіру техникасымен, ондағы өрт сөндіру-құтқару жарақтарымен таныстырды. Сондай-ақ аталған шара барысында балаларға түрлі-түсті суреттермен бейнеленген, төтенше жағдай кезінде әрекет ету ережесі қамтылған жаднамалар таратылды. Аталған шараның өте қызық деңгейде өткендігін балалардың қуанышты жүздерінен аңғаруға болатын еді. Шара соңында Тараз қаласы ТЖБ бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі Қайрат Оразбаев өрт сөндіргішті қалай пайдалану қажеттігін тәжірибелік тұрғыдан көрсетті. Аталған шара Жамбыл облысы ТЖД инстаграмм әлеуметтік желісінде тікелей эфирде және және Өңірлік орталық коммуникациялар қызметінің әлеуметтік желілер беттерінде халық назарына ұсынылды..
Тараз қаласы ТЖБ бас маманы
азаматтық қорғау майоры
Калдырбек Дархан