• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 09:39
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Басты мүдде – сапалы қызмет

Былтыр өңірде 15 мемлекеттік қызметші әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Аталған әкімшілік істер бойынша мемлекет бюджетіне жалпы сомасы 414 000 теңгені құрайтын айыппұл өндірілген.

turan_admin turan_admin
21.02.2024, 18:10
Облыс жаңалықтары
Басты мүдде – сапалы қызмет
133
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Руслан Шарипов айтып берді.

Өткен жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесі баяндалған баспасөз жиынында департамент тарапынан мемлекеттік қызметшілердің құқығының қорғалуы мен заң бұзушылықтар бойынша есеп берілді. Спикердің сөзінше бүгінде аймақ бойынша 4220 мемлекеттік қызметші бар. Ал 255 штаттық бірлік әзірге бос. Өңірдегі мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы 41-де. Орташа қызметтік өтілі 12,8 жыл. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясын бітірген 38 маман жұмыс істейді. Ал бір маман «Болашақ» бағдарламасымен білім алып келген.

Мемлекеттік қызметке мамандар тест тапсыру арқылы қабылданатыны белгілі. Бұл жөнінде де спикер аз-кем ақпарат беріп өтті.

— Есепті кезеңде тестілеуден өтуге барлығы 4266 азамат өтініш білдірді.Өтініш білдірген азаматтардың ішінен 1401 адам тестті сәтті тапсырып шықты. Олардың ішінде 2915 азамат әкімшілік мемлекеттік қызметке тест тапсырып, 1000 адам оң нәтижеге жетті. Сонымен қатар, 1351 азамат құқық қорғау қызметіне тестілеуден өтуге ниет білдіріп, олардың 401-і немесе 29,7% тестілеудің шекті мәнінен өтті, — деді спикер.

Департамент жас мамандардың мемлекеттік қызметке деген қызығушылығына да жіті мән беріп келеді. Мәселен, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуды аяқтаған жалпы 6 түлекті өңірдегі мемлекеттік органдарға конкурс өткізілместен тағайындауға ұсыныстар түскен. Оның ішінде 5 түлекке келісім беріліп, 1 түлекке біліктілік талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты бас тартылған. Өкілеттік мерзімдері аяқталған ауылдық округ əкімдеріне 5 бос мемлекеттік лауазымға конкурс өткізілместен орналасуға келісім берілген.

Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша департаменті облыс көлемінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау, халыққа сапалы қызмет көрсету, оған қолайлы жағдайлар жасау және қызмет көрсету рәсімдерін жетілдіру және қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бағыттарында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Атап айтқанда, 2023 жылы Департаментпен 6 азаматтың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді. Мәселен, департаментпен Т.Рысқұлов ауданының тұрғыны Қайыңды ауылдық округі әкімі аппаратымен «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру» мемлекеттік қызметін көрсетуден негізсіз бас тартылғаны туралы шағымы қаралған. Департамент тарапынан жүргізілген жоспардан тыс тексерудің нәтижесінде шағым иесінің уәждері қанағаттандырылған.

Руслан Шамелұлының сөзінше мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді сақтау жолында, өңір тұрғындарының  сапалы мемлекеттік қызмет алуы департамент қызметінің басымдықтарының бірі болып табылады. Бұл тұрғыда мекеме өздеріне жүктелген міндетті мүлтіксіз орындауға қашан да мүдделі.

 

 

 

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.