«Азаматтарға арналған үкімет» басшылары бір күнге ХҚКО инспекторлары болды
Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Жамбыл облысы бойынша филиалы ХҚКО департаментінің директоры және орынбасарлары «Дублер күніне» қатысты. Осылайша, департамент басшысы Данияр Медетбеков ХҚКО-ның кеңесшісі болып, ал оның орынбасары Батырхан Тоқтағұл әлеуметтік төлемдерді есептеу орталығында тұтынушыларды қабылдады. Сонымен қатар облыстық «Әлеуметтік төлемдерді ведомстоаралық есептеу орталығы» департаментінің директоры Нұржан Төртбаев халықтың ортасына шығып, толғандырған сұрақтарына жауап берді. Басшылар сондай-ақ қалалық бөлімдерге де барып инспектор қызметін атқарды.
«Дублер күні» бүкіл Қазақстан бойынша ХҚКО бөлімдерінде, әлеуметтік төлемдерді есептеу орталықтарында және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменттерінде де жүргізілуде. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының құрылғанына бір жыл толып отыр. Біз бұл күнді өзіміздің қызметкерлерімізбен бірге алдыңғы қатарда өткізуді шештік. Бүгін барлық директорлар мен олардың орынбасарлары бірнеше сағатқа өздерінің лауазымдық міндеттерін ауыстырып, «алаңға» жұмысқа шықты. Бұл бізге халықтан кері байланыс алуға және клиенттердің артықшылықтарын көбірек білуге мүмкіндік береді»- деді Данияр Медетбеков.
Мемлекеттік корпорация 4 РМК-дан құрылғанын атап өту қажет. Оның құрамына «Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Зейнетақы төлемдері жөніндегі мемлекеттік орталық», «Жер кадастрының ғылыми-өндірістік орталығы» РМК кірген, ол мемлекеттік корпорацияның тек фронт – офистерінің жұмысын ғана емес, оның бэк – офистерінің жұмыстарын зерттеуге, соның ішінде зейнетақы, декреттік төлем, жер учаскілерінің өлшеулерін, жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру және тағы да басқа жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік береді.
Бүгінде Қазақстанда мемлекеттік корпорацияның 546 мемлекеттік қызметтерді көрсететін 349 фронт – офистері жұмыс жасайтынын естеріңізге саламыз. Өзінің бір жыл жұмысы ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 37 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен.