Пандемия басталғанда халық абыр сабыр болып жатқанда, Мемлекет басшысы қызыл аймақта жұмыс істейтін медициналық қызметшілерге үстемақы төлеуді бұйырды. Бірақ пысықайлар өздерінің басшылық үстемділіктері арқылы есепшотқа түскен ақшаны қайтаруды бұйырып, касса арқылы қайтарып алып отырды. Бұл әрекетке кассир, әкімшілік бөлімнің басшысы, бас дәрігердің экономикалық саласы бойынша орынбасары атсалысқан екен. Сот процесінде әкімшілік бөлімнің басшысы бас дәрігердің тікелей тапсырмасын орындадым деген уәж келтірілді. Осы аталған жәйттарды жік жігімен түсіндіріп айтып кетейік.
КАССИР ЖИНАП БАС ДӘРІГЕРДІҢ ОРЫНБАСАРЫНА ӨТКІЗІП ОТЫРДЫ
2020 жылдың 29 маусымда Жуалы аудандық орталық емхананың лаборанты Фарида Жанбатырова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жолдаған болатын. Видеоүндеуде медицина қызметкері Фарида Қанатбекқызы карантин кезінде індеттің алдын алу шараларына байланысты бірінші бекетте рентген лаборант болып жұмыс істеген. Оның сөзінше, басшылар үкіметтен берілген қаржыны қайтаруын талап еткен.
Бірақ іс әрекеттерін тергеу кезінде, сот барысында мойындамаған айыпталушылар сот аяғына қарай бас дәрігердің орынбасары қызметін атқарған Абзал Байтореев толықтай мойындап, өкінгендігі туралы айтып кетті. Қаражатты қызметкерлерден жинауға бұйрықты орындаған Эльмира Мырзалиева Абзал Даулетбайұлының тапсырмасын орындағандығын көрсетті. Арызданған қызметшілер кім арқылы қалай жиналған туралы сот отырысында толықтай сипаттап берілді.
БҰЙРЫҚТЫ БАС ДӘРІГЕР БЕРДІ
Жәбірленушілер мен куәгерлер сұралып болғаннан кейін айыпталушылардан сұрақ жауап алу барысында әкімшілік бөлімнің басшысы Хамза Оманов өзінің кінәсіздігін айтып, ол тек бас дәрігер Батихан Алпысбайдың тапсырмасын орындағандығы және Абзал Байтореев оған ешқандай басшылық ете алмайтындығы баса айтты. Осыдан кейін, тергеуді жүргізген тергеушіден сұрау алғанда Батихан Алпысбайдың құжаттарға қол қойған, бірақ Хамза Рахманқұлұлына толық сенім білдіргендігі туралы айтыпты. Ал, Батихан Алпысбай өз қоластындағы қызметшілердің ТАЗА, АДАЛ ешкімнен ақша жиналмағандығы, оған әдейі жасалған қасгөйлік деп сотқа түсініктеме берді.
Айта кетерлігі, Жамбыл облысы Жуалы аудандық соты судьясы Бағдат Жамалбекұлы Хамза Омановтың көрсеткен мән-жайларды «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жуалы аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігері Б.Алпысбайға қатысты процессуалдық шешім қабылдау үшін Жамбыл облысы прокурорының назары аударылсын деген жекеше қаулы шықты.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қызметкердің сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша сот үкімі күшіне енген кейін, оның жауапты басшысы бір ай мерзімде өз қызметін босату қажеттілігі туралы Заң қабылдаған болатын. Осы жәйттармен Батихан Алпысбай ауруханада қалай қызмет етеді?
АНЫҚТАМА ҮШІН
Жамбыл облысы Жуалы аудандық сотының судьясы Байжан Жамалбекұлы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің (әрі қарай – ҚК) 190 бабы 3 бөлігі, 3 тармағымен айыпталған Абзал Даулетбаевич Байториевқа, ҚР ҚКның 28 бабы, 190 бабы 3 бөлігі, 3 тармағымен айыпталған Хамза Рахманкулович Омановқа, ҚР ҚК-ның 28 бабы, 190 бабы 3 бөлігі, 3 тармағымен айыпталған Эльмира Аманкелдиевна Мырзалиеваға қатысты қылмыстық ісін қарап төмендегідей СОТ ҮКІМІН ШЫҒАРДЫ:
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190 бабы 3 бөлігі, 3 тармағымен айыпталған Абзал Даулетбаевич Байториев КІНӘЛІ ДЕП ТАНЫЛСЫН, 4 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалсын;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 28 бабы, 190 бабы 3 бөлігі, 3 тармағымен айыпталған Хамза Рахманкулович Оманов КІНӘЛІ ДЕП ТАНЫЛСЫН, 4 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалсын;
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 28 бабы, 190 бабы 3 бөлігі, 3 тармағымен айыпталған Эльмира Аманкелдиевна Мырзалиева КІНӘЛІ ДЕП ТАНЫЛСЫН, 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалсын;
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
TURANINFO.KZ
ФОТОДА Б.АЛПЫСБАЙ МЕН Ф.ЖАНБАТЫРОВА






