Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы соңғы жарылыстан тағы үш әскери жеңіл жарақат алды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясының басқарма бастығы, полковник Жұмабек Хасенов жергілікті тілшімізге берген сұхбатында айтты.
Сұхбаттың толық мәтінін Orda.kz редакциясы қосымша жариялайтын болады.
Еске салсақ, биылғы 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданы Қайнар елдімекені маңындағы әскери бөлімнің қару-жарақ сақтайтын қоймасынан өрт шықты.
Жарылысқа ұқсас дыбыстың неден болғандығы туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясының басқарма бастығы, полковник Жұмабек Хасенов түсіндіріп берді.
— Үш адам жарақат алғаны рас, күзетші мен «контрактник» жеңіл жарақат алды. «Противотанковый» минаның генераторы болады. Оларды аяқпен басып кетпесе де, 1-2 метр маңында болса, жарылысқа ұқсас дыбыс шығарып, инелерін жан-жаққа ұшырады. Үш әскери дер кезінде госпитальге жеткізіліп, ем домдарын алып, қайта қызметке келді, – дейді Жұмабек Хасенұлы.
Осы жарылыстан үш әскери жеңіл жарақат алғандығы белгілі болды. Жүздеген адам ауруханаға қаралды. Соңғы оқиғадан қайтыс болғандар мен қатты зардап шеккендер жоқ.
Авторы Orda.kz редакциясының Тараздағы тілішісі – Исламбек Дастан.