• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:36
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Б.Сапарбаев жол-көлік оқиғаларының алдын алу шараларын қабылдауды тапсырды

turan_admin turan_admin
04.11.2021, 21:05
Облыс жаңалықтары
Б.Сапарбаев жол-көлік оқиғаларының алдын алу шараларын қабылдауды тапсырды
107
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Нұржан Қалметовтың мәліметінше, ағымдағы жылдың 9 айында 879 жол көлік оқиғасы тіркелген, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33,2 пайызға өсіп отыр.

Полиция департаменті ЖКО алдын алу мақсатында жыл басынан бері «Құқықтық тәртіп», «Қауіпсіз жол», «Автобус», «Назар аударыңыз – балалар!» секілді жедел профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырған.

Бұдан басқа, жануарлардың жолдың көлік жүретін бөлігіне шығып кетуін болдырмау мақсатында «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» автожолының екі учаскесінде «Электрпастух» құрылғысы орнатылған.

Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп облыстың автомобиль жолдарына 1684 тексеру жүргізілген, нәтижесінде 11 713 ақау анықталып, тиісті нұсқамалар берілген. Автомобиль жолдарын қанағаттанарлықсыз ұстағаны және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін 211 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ облыстық филиалының директоры Айжан Туғанова жол қауіпсіздігі деңгейін арттыру мақсатында шұңқырларды жөндеу, жол белгілері, электрондық ақпараттық таблолар орнатылып, елді мекендерге кіре берістерде жылдамдықты шектейтін жол белгілері орнату бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.

— Жол қозғалысы қауіпсіздігі өзекті және маңызды мәселелердің бірі. Күн санап көлік құралдарының саны. жолдардағы қозғалыс қарқындылығы артып келеді. Жол-көлік оқиғаларының көрсеткіші де өсуде. Жолдағы жағдайларға бақылауды күшейту қажет, өйткені қауіпсіздік деңгейі соған байланысты. Жол-көлік оқиғалары жиі тіркелетін аумақтарда жол белгілерін орнату, ережеле бұзушылықтарды тіркеу үшін «Аркан» және «Автоураган» аппараттық-бағдарламалық кешендерін, уақытша радарларды көбейту қажет, — деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы жол бөлігінде қараусыз жайылып жүрген үй жануарларының иелерін жауапкершілікке тарту керектігін де  атап өтті.

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша жұмыс тобы құрылып, оның құрамына жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, депутаттар енген. Жұмыс тобы автомектептердің қызметін тексермек.

Сондай-ақ, облыс әкімі жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша қосымша шаралар қабылдауды және жол ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейтуді тапсырды.

— Полиция департаменті, «Қазавтожол «ҰК» АҚ филиалы, жауапты басқармалар, аудандық әкімдіктер тығыз байланыста жұмыс жасауы тиіс. БАҚ пен әлеуметтік желілерде жол көлік оқиғасының алдын алу бойынша кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуі керек. Тұрғындарға жол мәдениеті мен тәртібін сақтауды ескертіп, жас инспекторлар жасағының жұмысын ұйымдастыру қажет, — деп түйіндеді аймақ басшысы.

 

 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.