• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 08:41
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Б.Сапарбаев: «Тектұрмастағы» әрбір нысан ежелгі Тараз мәдениетін айшықтап тұруы тиіс

turan_admin turan_admin
06.09.2020, 17:03
Облыс жаңалықтары
Б.Сапарбаев: «Тектұрмастағы» әрбір нысан ежелгі Тараз мәдениетін айшықтап тұруы тиіс
303
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter
Сенбі, 5 қыркүйек күні Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласындағы бірқатар нысандарды аралады. Алдымен аймақ басшысы  «Тектұрмас» этно-тарихи кешені ат басын бұрды.
Жамбылдықтар «Тектұрмасты» қалпына келтіру  жұмыстарының бірінші кезеңінің аяқталуын асыға күтті. Нәтижесі көңілден шыққандай. Бақылау алаңдары бой көтеріп, Әулие-Атаның 13 метрлік мүсіні, 10 метрлік Лауха (скипетр), қағандардың есімдері жазылған хан шатырлары түріндегі 14 ескерткіш орнатылған.
Жаңа нысандар мен архитектуралық формаларды салу бойынша күрделі жұмыстар әлі де жалғасуда.
Облыс әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Арман Әбдешов «Тектұрмас» кешенін қайта құрудың екінші кезеңін жүзеге асыру барысы туралы баяндады.
 Жоспар бойынша ескі бекініс жөнделіп, аллея бойында аймақтың тарихи құрылымдарының макеттері орын теппек. Мұнда жағажай, жасанды сарқырама және кәсіпкерлік нысандары да салынады деп күтілуде. Олар кешеннің маңындағы Талас өзенінің жағасынан бой көтеретін болады.
Бердібек Сапарбаев Тектұрмас кешені аумағында өрбіген ауқымды құрылыс жұмыстары нысанның отандық және шетелдік туристер үшін тартымдылығын арттыруға бағытталғанын атап өтті.
— Этно-тарихи кешенде бірегей сәулеттік идеяны жүзеге асыруға мүмкіндік туды. Мұндағы әрбір нысан Ежелгі Тараздың мәдениетін айшықтайды. Сәулетшілер барынша қаланың тарихи келбетін, сол уақыттағы бейнесін келістіруге күш жұмсауы керек, сонда келушілер өткенге саяхат жасай алады.
Сонымен қатар, кешенде келушілерге барлық қолайлы жағдайды жасалып, заманауи техникалық талаптарға сай болуы тиіс, — деп атап өтті облыс әкімі.
Туристердің көпшілігін мұндағы Атлах және Аңырақай шайқастарына арналған панорамалық соғыс панелі қызықтыруы тиіс. Оның әзірге жобасы әзірленіп жатыр. Тарихтан біз бұл шайқастар халқымыздың құрылуында үлкен рөл атқарғанын білеміз.
— Осы шайқастардың тарихын егжей-тегжейлі сипаттаңыздар. Жастарға шайқастардың қалай өткенін, бүгінгі бейбіт күнге қандай қиыншылықпен жеткенімізді түсіндіруіміз керек, — деді облыс әкімі.
Бердібек Сапарбаев облыс орталығын аралау барысында су шаруашылығы нысандарының мәселелерімен де танысты. Ол Түйте, Үшбұлақ, Қапал  каналдары мен Айша-бибі көшесінде орналасқан дренажды каналдың жай-күйімен танысты.
 Өңір басшысы ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
— Каналдардың арналарын тазарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізсек, бүкіл қаланы суармалы сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік туады. Бұл жұмысқа тәжірибелі гидротехниктерді тарту қажет.
Суару жүйесінің үздіксіз жұмысы қоршаған ортаны жақсартуға оң әсерін тигізеді. Қала аулаларын шаң басудан қорғап, ағаштар уақытында суарылатын болады. Сондай-ақ, мүмкіндігінше демалыс орындарын көптеп ашуға да ықпалы зор. Қала тұрғындары өз бау-бақшаларын еш қиындықсыз суара алады, — деді облыс әкімі.
Алайда суару жүйесінің жағдайына бей-жай қарайтын тұрғындардың кесірінен бұл жоспар орындалмауы мүмкін. Кейбір жеке үйлердің иелері өз аулаларын тротуарларға дейін кеңейтіп, суару арықтарын бетондап жауып тастаған. Облыс әкімі бұл мәселені жан-жақты зерделеуді тапсырды. Сонымен қатар, «Зербұлақ» демалыс аймағында Бердібек Сапарбаев жағалауды нығайтуды,  көшеттер отырғызуды тапсырды.
«Тараз ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Олжас Қаржауов осы бағытта инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп жатқанын хабарлады. Олар өз қаражаттарын сала отырып,  бұл аймақты қаладағы танымал демалыс орындарының біріне айналдыруға дайын екендігін жеткізді.
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.