• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 01:34
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Б.Сапарбаев Тараз қаласы әкімінің есебін тыңдады

turan_admin turan_admin
15.10.2021, 14:31
Облыс жаңалықтары
Б.Сапарбаев Тараз қаласы әкімінің есебін тыңдады
198
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаевтың облыс орталығының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебін тыңдады.

Өткен жылмен салыстырғанда қалада өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы өндірісі, негізгі капиталға салынған инвестициялар, тауар айналымы және тұрғын үй құрылысы көлемінің өсуі байқалады.

Жыл басынан бері қаланың кірісі 110,8 пайызды құраған.  2021-2022 жылдары жалпы құны 17,8 миллиард теңгені құрайтын жеті инвестициялық жоба іске асырылуда десек,  олар бойынша 1044 жаңа жұмыс орны ашылуда. Биылғы жылы қаланың ирригациялық жүйесін қалпына келтіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілген. Нәтижесінде қаланың 280 көшесіне су келсе, бұл өткен жылмен салыстырғанда 105 көшеге артық. «Таразға тарту» жобасы аясында облыс орталығында 42 жаңа нысан пайда болған.

Қала әкімінің баяндамасын мұқият тыңдаған Бердібек Сапарбаев кейбір маңызды әлеуметтік нысандар құрылысының кешіктіріліп жатқанына назар аударып, мердігерлер осы уақытқа дейін №22 және №31 орта мектеп ғимараттарын неге пайдалануға бермегенін сұрады.

— Қаржыны уақытылы бөлдік. Мектептер оқу жылының басында ашылады деп келіскенбіз. Жобалық-сметалық құжаттама жарты жыл бойы дайындалды. Тұрғындармен кездескенде олар мектептердің қашан ашылатынын сұрайды. Себебі неде? Неге мердігерлерді жауапқа тартпайсыздар? Бұл Президенттің тапсырмасы бойынша жүзеге асып жатқан «Қауіпсіз мектеп» жобасына да қатысты, — деді Бердібек Сапарбаев.

Сондай-ақ, облыс әкімі «Жомарт түлек» және «Мейірім» жобаларын жүзеге асыру бойынша жұмыстар нашар жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті.

Аймақ басшысы халықты вакцинациялау жұмыстарын да сынға алды.

Облыс әкімі «сақалды» құрылыс мәселелерін шешуге тапсырма берді.  Қалада осындай 35 нысан анықталған болатын. Өткен жылы олардың алтауының, ағымдағы жылы сегізінің құрылысы аяқталды. 14 нысан бойынша іс сотқа жолданған.

— Жабайы сауда орындарын ретке келтіру керек. Базарларды қайта реттеп, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет. «Ауыл береке» базарындағы бей-берекетсіздік қашан қалыпқа келеді? ТЖ Департаментімен бірге өрт қауіпсіздігі шараларын күшейтіңіздер. Санитарлық талаптардың сақталуын да қадағалаңыздар. Ол базарға күн сайын мыңдаған адам барады, — деді Б.Сапарбаев.

Жиынды қорытындылай келе, өңір басшысы облыстың дамуы көп жағдайда Тараздың дамуымен байланысты екенін атап өтті.

— «Жомарт түлек» жобасының берер мүмкіндігі мол. Оны жемісті жүзеге асыру үшін жерлестерімізді барынша тарту керек. Облыстық басқармалардың басшылары қалалық бөлімдермен бірлесіп жұмыс істегені маңызды, — деп тапсырды Б.Сапрабаев.

Аймақ басшысы бюджеттің игерілуін қадағалауды және маңызды әлеуметтік нысандар құрылысының мерзімін белгілей отырып, мердігерлерге нақты шарттар қоюды тапсырды. Сонымен қатар, кәсіпкерлерді әлеуметтік нысандар  салуға  тарту қажеттігін атап өтті.

Облыс әкімі тұрғын үй құрылысының көлемін арттыру, туризмді дамыту, инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша нақты міндеттер жүктеді.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.