• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
18.08.2026, 05:00
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Б.Сапарбаев:  Қоғамдық көліктер сағат 22.00-ге дейін  жұмыс істейді деп жарияладық, бірақ ол іс жүзінде орындалмай отыр

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте Тараз қаласының тұрғындары тарапынан көтерілген өзекті мәселелер талқыланды.  Ондағы өтініштердің дені қоғамдық көліктердің қызмет сапасына қатысты екендігін айтып өткен жөн.

turan_admin turan_admin
17.03.2020, 10:37
Облыс жаңалықтары
Б.Сапарбаев:  Қоғамдық көліктер сағат 22.00-ге дейін  жұмыс істейді деп жарияладық, бірақ ол іс жүзінде орындалмай отыр
1.4k
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте Тараз қаласының тұрғындары тарапынан көтерілген өзекті мәселелер талқыланды.  Ондағы өтініштердің дені қоғамдық көліктердің қызмет сапасына қатысты екендігін айтып өткен жөн.

«Қала әкіміне қоғамдық көліктің жұмысын жақсарту бойынша шаралар қабылдау тапсырылды. Әзірге бұл тапсырма орындалмай отыр. Тұрғындар жүргізушілердің көлік тізгіндеп келе жатып темекі шегетінін, автобустардың тазалығына, жүру кестесінің сақталмайтынына, көліктердің қозғалысына қатысты шағымдануда. Қоғамдық көліктер сағат 22.00-ге дейін  жұмыс істейді деп жарияладық, бірақ іс жүзінде бәрі басқаша. 19.00-ден кейін кейбір автустар ғана қатынайды. Тасымалдаушылардың міндеттемелері бар, олар соны орындауы тиіс. Әрине, барлық мәселелерді бірден шешу мүмкін емес , бірақ тараздықтар біздің жұмысымыздың нәтижесін қазірден сезінуі керек»,-деп атап өтті Б.Сапарбаев.

Сондай-ақ, тұрғындардың орталық және қала шетіндегі автожолдардың жағдайына наразы екендігі назарға алынды.

«Қала маңындағы аудандардағы жолдар көктем -күз мезгілдерінің өтпелі кезеңдерінде балшыққа айналады. Адамдар жаңа жолдардың сапасыздығына, бір жылдан кейін-ақ оларда бұзылып жатқандығына шағымдануда. Осы орайда жол құрылысының сапасына ерекше көңіл бөліп, оған қажетті мамандарды, шетелдік компаниялар мен зертханаларды тарту қажет. Сонымен қатар, бір ай бұрын салынған асфальтты коммуналдық қызмет саласының мамандары қайта қазып жатады. Бұл тұрғыда қала әкімдігі жүйелі жұмыс жүргізіп, ұтымды ұйымдастыра біліп, бюджет қаражатының желге ұшпауына  жол бермеуі керек», — деп атап өтті аймақ басшысы.

Жиында көшелерді жарықтандыру, арықтарды тазалау, ашық жатқан кәріз шұңқырларын анықтау және оларды жабу, тұрғын үй құрылысының сапасы мен нормаларын сақтауға ерекше көңіл бөлу керектігі баса айтылды.

«Тұрғындар соңғы жылдары жасыл желектердің саны күрт азайғанын айтуда. Бұл орайда жауаптылар мұқият бақылап, ағаштарды заңсыз кесуге жол бермеу керек. Жасыл желектің өсімталдығын арттыру мақсатында талдарды бұтау кезінде жұртшылыққа түсіндіру жұмыстарын дұрыс жүргізу керек», — деп тиісті тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді облыс әкімі.

Сондай-ақ, аймақ басшысы облыс орталығы мен аудандардағы сенбіліктердің сапасыз  ұйымдастырылғанын атап өтті.

«Сенбілікті өткізу туралы бастама орынды. Бірақ көзге көрінетін нәтиже жоқ. Тараз, Байзақ, Жамбыл, Жуалы және басқа да аудандарда сенбілік ойдағыдай өтпеген. Көптеген арықтар,  қоқыс орындары, өзен арналары тазартылмаған. Бұл бағыттағы жұмыстар нашар жүргізілуде, жергілікті орындардан бақылау жоқ. Сенбіліктерге бей — жай қарамай, нағыз жанашыр, белсенді азаматтарды тарту керек», — деді Б. Сапарбаев.

Жиынды қорытындылаған аймақ басшысы азаматтардың шағымдары мен өтініштеріне жедел ден қоюдын маңыздылығын атап өтті.

«Мемлекет басшысы азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына тиімді жауап беретін «Халық үніне құлақ түретін мемлекетті» құру бойынша міндет қойды. Біздің күш-жігеріміз билік пен қоғамның сындарлы диалогын құруға бағытталатын болады. Қаланың қарапайым тұрғындарының мүддесін қамтитын қоғамдық-маңызды шешімдер қабылдау қажет», — деп түйіндеді облыс әкімі өз сөзінде

Тегтер: Б.Сапарбаев
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

15.08.2026, 17:33
Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

Партиялардың ақпараттық жұмыстары: апталық шолу (7–13 тамыз 2026)

14.08.2026, 20:55
68 млн теңге кімге бұйырды? Жамбылда білім саласының үздіктері марапатталды

68 млн теңге кімге бұйырды? Жамбылда білім саласының үздіктері марапатталды

14.08.2026, 13:49
Мырзабосынов мереке қарсаңында спорттық менеджерлерге құрмет көрсетті

Мырзабосынов мереке қарсаңында спорттық менеджерлерге құрмет көрсетті

13.08.2026, 20:20

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қорғаныс министрінің орынбасары оңтүстіктегі әскери нысандарды тексерді

17.08.2026, 14:54

Сөз бостандығы мен жауапкершілік қатар жүруге тиіс

17.08.2026, 11:40

Ferrari-дің алғашқы электромобилі 40 миллион долларға сатылды

17.08.2026, 09:59

Мультимиллионер қазақтың журналист қызымен отбасы құрды

16.08.2026, 18:54

Таразда балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша семинар өтті

15.08.2026, 17:33

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбылда білім саласында байқау мен конкурстарға жауапты мекеме басшысы тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл прокуратурасында кадрлық ауыс-түйіс орын алды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстандықтардың басым бөлігі Қ.К.Тоқаевқа сенім білдіреді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз қаласында «Taraz-Insight 2026» әлеуметтік жобасы іске асырылады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.