• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 21:22
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Б.Сапарбаев: Мердігерлер жергілікті өндіріс тауарларын пайдалануы тиіс

turan_admin turan_admin
19.08.2021, 18:30
Облыс жаңалықтары
Б.Сапарбаев: Мердігерлер жергілікті өндіріс тауарларын пайдалануы тиіс
88
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте мемлекеттік сатып алу, құрылыс-монтаж жұмыстарындағы жергілікті қамту үлесін арттыру мәселелері талқыланды.

Жиында өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Еркін Атымтаев баяндама жасады. Оның  айтуынша, ағымдағы жылдың 7 айының қорытындысына сәйкес «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының 8 бағыты бойынша мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамтудың үлесі 42,2 пайызды, құрылыс-монтаждау жұмыстарында — 81,1 пайызды, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша — 75 пайызды құраған.

Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев бұл орайда Қордай, Сарысу, Байзақ, Мойынқұм, Т.Рысқұлов аудандары мен бірқатар басқармалардың жұмысының әлсіздігін атап өтті.

Облыс әкімі басқарма басшыларының, аудан әкімдерінің есептерін тыңдап, мемлекеттік сатып алулардағы қазақстандық қамту үлесін тұрақты түрде бақылауда ұстауды тапсырды.

— СТ-КЗ сертификаты жоқ жеткізушілермен жұмыс істеу жергілікті қамту үлесінің төмендеуіне алып келеді. Бағдарлама әкімшілері мұны ескеруі керек. Сондай — ақ, жергілікті қамту туралы есептердің дұрыс толтырылуын бақылау қажет, — деп атап өтті Е. Атымтаев.

Басқармалар, аудандар мен Тараз қаласының әкімдіктеріне жұмысты үйлестіру және мемлекеттік сатып алу бойынша ақпаратты уақтылы ұсыну жөнінде бірқатар міндеттер жүктелді.

— Бұл мәселеге барынша жауапкершілікпен қараңыздар. Жергілікті қамтудың үлесін арттыру үшін жүйелі жұмыс жүргізу қажет. Мердігерлер жергілікті жерде өндірілген тауарларды пайдалануы тиіс. Айталық, салынған жаңа мектептерге отандық парталар мен орындықтарды алыңыздар. Аудандар мен Тараз қаласының әкімдері, басқарма басшылары барлық мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті қамтудың үлесін бақылауда ұстауы тиіс. Олай болмаған жағдайда, оларды жауапкершілікке тарту туралы мәселесі қаралады, — деп  түйіндеді Бердібек Сапарбаев.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12
«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.