• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
16.10.2026, 06:15
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Бұл жолдау бұрынғыдан өзгерек: белсенділердің пікірі қандай?

turan_admin turan_admin
06.10.2018, 16:27
Қазақстан жаңалықтары, Облыс жаңалықтары
Бұл жолдау бұрынғыдан өзгерек: белсенділердің пікірі қандай?
512
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Күні кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына кезекті жолдауын ұсынды. Форматы жағынан бұрынғыдан өзгерек жолдау мемлекеттің алға қойған жоспарынан бөлек басшылардың қол астындағыларынан алатын есебіне ұқсас болды. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбында өткен жолдау қоғамда қордаланған мәселелердің тамырын дөп басты. Жыл сайынғы таптаурындардан ада еркін форматта өткен жолдауды еңбектеген балан еңкейген кәріге дейін зор зейінмен тыңдағанын желідегі жазбалардан, айтылған пікірлерден аңғаруға болады. Желі белсенділері бұл жолы да қалыс қалған жоқ. Жолдау уақытында өздерінің ойларын, кей тұста ұсыныстарын да жазып жатты.

Өткір пікірімен желі қолданушылары арасында жиі көзге түсетін заңгер, блогер Айгүл Орынбек Елбасының Алик Шпекбаев, Жақып Асанов, Қайрат Қожамжаровтарға шүйліккенін түсіне алмайды. «Жолдауыңызды қолдаймын ау, бірақ жұмыс істеп жатқан азаматтарға ұрысқаныңыз дұрыс болмады.
Бас Прокуратураға Қожамжаров мырза келгелі жазықсыз айыпталған қаншама адам босап шықты. Алик Шпекбаев мырза қоғамда болып жатқан барлық заңсыз дүниелермен ашық күресіп жүр. Сот төрағасы Жақып Асанов ағамның жұмысы бүкіл 25 жылда былыққа толған жүйені тазалаумен әлек.
Осының бәрі сізге ұнамай жатыр ма? Әлде жеті жыл жүйені жемқорлыққа толтырға клоундарыңызға ма? Бұл кісілер сіздің жолдауыңызды қолдап халықпен ашық жұмыс істеп, біраз халықтың көңілінен шығуда. Сол себепті жұмыс істеп жатқан азаматтарға тиіспеңіз! Халықтың көңілінен Арыстанбек пен Қалмұханбет шықпай жүр! Әй бірақ халықты тыңдап жатқан кім бар!?», — дейді желі белсендісі.

Білім министрлігінің атқарған жұмыстарын сын көзбен қарап, салмақты ұсыныстар тастап жүрген химия пәнінің мұғалімі, Республикалық «QAZBILIM» орталығының директоры Аятжан Ахметжанов Президенттің ұстаз мәртебесі туралы заңдық норма қабылдау жөнінде берген тапсырмасына дән риза: «Жолдауда бізге қатысты, ұстаздарға, білім ғылым саласына қатысты өте көп дүние айтылды. Ең үлкені мұғалім мәртебесі туралы заңдық норма…Ол заңдық норма 5 жылдан бергі айтып, жазып жүрген баршамыздың арманымыз еді. Ендігі басты шарт сол заңның нормасына қатардағы мектеп мұғалімі ретіндегі ұстаздар, шын білікті директорлар кіріп жұмысшы тобында атсалысуы керек. Ерлан Сагадиев мырзаға сәттілік дейміз. Министр мұғалім мәртебесі туралы заңды қабылдатып қоштасса, бұл ол кісінің білім саласына жасап кетекен ең үлкен жұмысы болар еді. Үміт басым күтеміз енді».

«… Азық-түлік, киім-кешек, жалпы xалық күнде тұтынатын заттардың бағасын 1,5 есеге арзандатыңдар!
Айлық өспесе өспесін, күнделікті тұтыну тауарларының бағасын өсірмеңдер!

Бақытжан, саған айтам, түсіндің бе, қазір кіріс, жолдаудың соңын күтпей-ақ қой, бар жұмысыңа…» десе ғой)

Демеді.

Айлық 1,5 есе өссе не файда, нан-шәй бағасы 2,5 есеге қымбаттайды(». Бұл журналист Алмас Алтайдың пікірі. Елдің әлеуметтік мәселесі кеңінен қозғалған жолдауда осындай бір тапсырмалардың болмауы шынында көңілге кірбің түсіреді.

Ал Жамбыл облыстық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Уәлихан Болатбек Елбасының 2019 жылды жастар жылы деп жариялағанына өзінің қуанышын білдірді: «Биылғы Жолдаудың өткен жылдағылардан ерекшелігі — әр қазақстандықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған тетіктердің көптігі, мүмкіндіктердің молдығы. Айталық, келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 1,5 есеге көбейтілетін болды. Сонда бұл көрсеткіш биылғы 28 мың 300 теңгеден 42 мың 500 теңгеге дейін өсуге тиіс. Қолма-қол ақшамен есеп айырысуды азайтатын болды, себебі, қолма-қол ақша жемқорлық көзі екенін білесіздер. Қарапайым адамдар тұтынатын өнімдерді көбейту қажет екені айтылды. Импорт азайған сайын мемлекет тәуелсіз болмақ. Сондықтан, отандық өнімді қолдауға 500 млрд теңге бөлінеді.
Сонымен қатар ең басты жаңалық 2019 жыл «Жастар жылы» болып жариялануы.Бұл Елбасының жастарға үлкен қамқорлығы деп ойлаймын».

Айдос Сарым, Әміржан Қосанов және Ерлан Карин жолдауға орыс тілінде қолдау білдіріпті. Мұны Елбасының өзі де көбіне ресми тілде сөйлегенінің әсерінен болар деп топшыладық. Бүгінгі күні қоғамға қозғау салу жағынан әлеуметтік желі көш бастап тұрғанын жасыра алмаймыз. Ал желідегі әр пікір қоғамның хал-күйінен хабар беріп тұратыны да белгілі. Су жаңа жолдауға пікір білдіргендер аз емес. Біз тек өткір, маңызды дегендерін ғана ұсындық. Елбасының бұл жолғы тапсырмалары  Қалай болғанда да бұл жолдауда берілген тапсырмалардың орындалу барысын көппен бірге көреміз.

Күлтегін ЖОЛАМАН

Тегтер: ЕлбасыЖОЛДАУ 2018жолдау2018
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Қарақыстақ» – жасыл энергетиканың алғашқы қарлығашы

Шу ауданындағы жасыл энергетика: Өңірдің қуат көздері жаңа сатыға көтерілуде

14.10.2026, 23:51
Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

14.10.2026, 20:37
Астанада Astana Media Week медиа апталығы басталды

Астанада Astana Media Week медиа апталығы басталды

14.10.2026, 14:13
8 ЖЫЛДАН БЕРІ ТОҚТАП ТҰРҒАН ХАНТАУ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ 3,2 МЛРД ТЕҢГЕГЕ САТЫЛАДЫ

8 ЖЫЛДАН БЕРІ ТОҚТАП ТҰРҒАН ХАНТАУ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ 3,2 МЛРД ТЕҢГЕГЕ САТЫЛАДЫ

14.10.2026, 13:41
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Берекелі отбасы – берік қоғам» іс-шарасы өтті

15.10.2026, 19:45

Шу ауданындағы жасыл энергетика: Өңірдің қуат көздері жаңа сатыға көтерілуде

14.10.2026, 23:51

Таразда тазалық талаптары қатаң бақылауда

14.10.2026, 23:41

Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

14.10.2026, 20:37

Астанада Astana Media Week медиа апталығы басталды

14.10.2026, 14:13

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.