Ал, жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері үшін қайырымдылық жасау – игі дәстүрдің бірі. Дәл осы ниетте осы күні өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінің басшы және жеке құрам қызметкерлері әдеттегідей қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері бұл күні көпбалалы және тұрмысы төмен отбасына арнайы барып, ондағы кішкентай бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Осылайша, ҚАЖ қызметкерлері қажетті азық-түліктен бөлек өзге де сыйлықтар тарту етті.
Айта кетейік, аталған отбасында мектеп жасындағы бірнеше бала тәрбиеленуде.