• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:33
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазанда тұрғын үйді алып-сату бойынша 41 мың мәміле жасалды

2025 жылғы қазан айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 41 259 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша – 8 717 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша – 32 542 мәміле жасалды.

Turan Redaktor Turan Redaktor
11.11.2025, 14:31
Қазақстан жаңалықтары
Қазанда тұрғын үйді алып-сату бойынша 41 мың мәміле жасалды
29
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

2025 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда (41 313) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 0,1%-ға азайды. Мәмілелер саны бойынша Астана (8 945 – 21,7%) және Алматы (7 868 – 19,1%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (2 982 – 7,2%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 327 мәміле (0,8%).

2025 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда қазанда мәмілелер санының ең көп өсімі Қостанай облысында (+15,8%), Шымкент қаласында (+7,7%) және Алматы облысында (+7,4%) байқалды. Ал бір айдағы ең көп төмендеу Қызылорда облысында (-28,4%), Алматы қаласында (-11,2%) және Ақтөбе облысында (-5,2%) орын алды.

Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелер саны бір айда 0,3%-ға (110 мәмілеге) азайған. 2025 жылдың қазан айында пәтерлер бойынша барлығы 32 542 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 78,9%-ы. Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Астана (27%), Алматы (22,2%) қалаларына және Қарағанды облысына (7,8%) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша

2 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды, 2025 жылдың қазан айында олар бойынша 12 399 мәміле ресімделген.

2025 жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда қазанда жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны 0,6%-ға (56 мәмілеге) өсті. Қазанда барлығы 8 717 мәміле тіркелген. Жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер санының ең көп өсімі Қостанай (+18,4%), Шығыс Қазақстан (+16,5%) және Батыс Қазақстан (+11%) облыстарында байқалды. Ал бір айдағы ең көп төмендеу Ұлытау  (-15,9%), Қызылорда (-10,7%) және Қарағанды (-8,3%) облыстарында орын алды.

Былтырғы тиісті айымен салыстырғанда мәміле саны 5,4%-ға өскен (2024 ж. Қазан — 39 143). Мәмілелер санының ең жоғарғы өсімі Астана қаласында (27,9%) байқалды, ең үлкен төмендеу – Ұлытау облысында (-38%). 2025 жылдың қаңтар-қазан айларындағы мәмілелер санын 2024 жылғы қаңтар-қазан айларындағы мәмілелер санымен салыстырғанда 3,5%-ға өскен.

Бір айдың ішінде (2025 жылғы қазан 2025 жылғы қыркүйекке)  жаңа тұрғын үйді сату – 1%, пәтерлерді қайта сату бағасы 0,9% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 1,2% қымбаттады.

ҚР СЖжРА Ұлттық статистика бюросы тұрғын үй бағасы бойынша ай сайын мониторинг жүргізеді. Баға индекстері облыс орталықтары мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша іріктелген байқау деректері негізінде қалыптастырылады. Жаңа тұрғын үйлер бойынша ақпарат сату бойынша операциялар жүргізетін құрылыс компанияларынан жиналады, бұл ретте пәтердің бастапқы және алдын ала таза әрленгендегі бағасы ескеріледі. Пәтерлерді қайта сату және жалға алу бойынша деректер интернетте, бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын хабарландырулар негізінде жиналады. Бағаларды есептеу кезінде бір, екі, үш бөлмелі пәтерлер бойынша ұсыныстар есепке алынады.

Ұлттық статистикалық бюро

Тегтер: жаңа тұрғын үйкелісімсаудаұлттық статистика бюросы
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.