• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 12:44
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Азаматтарды онлайн қабылдау: Барлық өтініштер назардан тыс қалмайды

turan_admin turan_admin
06.09.2020, 14:51
Облыс жаңалықтары
Азаматтарды онлайн қабылдау: Барлық өтініштер назардан тыс қалмайды
228
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қоғамдық қабылдау өткізді. Онда жамбылдықтар өз өтініштерін аймақ басшысына онлайн режимде жеткізді.

Байзақ ауданының шаруалары облыс әкімінен кейбір шаруа қожалықтарына «асыл тұқымды мал өсіруші» мәртебесін алуға көмектесуін сұрады.

Бердібек Сапарбаев жаңа деңгейге көтерілуге ынталы фермерлерді қолдап, асыл тұқымды мал өсіру өңірдің ауыл шаруашылығына тиімді екенін тілге тиек етті. Дегенмен, аталған мәселені жақын арада құрылатын арнайы комиссиямен бірлесіп шешу керектігін баса айтты.

Облыс орталығындағы Прманов көшесінің тұрғындары аймақ басшысына бірқатар сауалдар жолдады.

Төрт жыл бұрын аталған көшедегі су құбырлары ауыстырылған соң асфальттың біраз бөлігі әлі күнге дейін қалпына келтірілмеген. Сондай-ақ, тұрғындар жол-көлік оқиғалараның жиі орын алатынына тоқталып, жол бойына бейнекамералар орнатуды сұрады. Ол жақта 1000-нан астам бала оқитын Ю. Гагарин атындағы №29 орта мектеп орналасқан. Келесі сұрақ қоғамдық көліктерге қатысты қойылды. Тағы сол Прманов көшесінің бойымен екі-ақ автобус қатынайды. Содан да кейде олармен діттеген жерге жетудің өзі мұң. Оған қоса, сол маңда әлі күнге аялдама жоқ. Сондықтан мұғалімдер мен балалар ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, қоғамдық көлікті далада күтуге мәжбүр.

— Бірінші кезекте аялдамалар мектептің маңынан салынуы тиіс. Сол себепті, Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаевқа Прманов көшесіне арнайы барып, аялдама құрылысы бойынша ұсыныс беруін тапсырамын. Бұл жолдарды асфальттауды да бақылау керек. Ал бейнекамера орнату мәселесін полиция қызметкерлерімен бірлесе шешкен жөн, — деп жауап берді аймақ басшысы.

Облыс әкімінің сөзінше, жақын арада қоғамдық көліктің қатынауы ретке келтіріледі.

Еңбек Ардагері Күләш Назарбекова өңір басшысынан аймақта арнайы пансионат соғып, ардагерлердің демалуына жағдай жасауын сұрады. Бердібек Сапарбаев бұл ұсынысты бір ауыздан қолдады.

— Расында, біздің ардагерлеріміз лайықты демалуы тиіс. Тек ол шипажай, әлде сауықтыру орталғы бола ма, алдымен соны анықтап алуымыз қажет. Мен тиісті басқарманың басшысына  пансионат ашудың  мүмкіндіктерін қарауды тапсырамын. Бұл ұсыныс бойынша осы айдың соңына дейін шешім қабылдаймыз.

Сондай-ақ, қоғамдық қабылдау барысында тұрғындар  қол жетімді баспанамен қамтамасыз ету және басқа да әлеуметтік мәселелер жөнінде сауал қойды.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.