2024 жылғы 23 ақпанда жұма күні еліміздің барлық өңірінде жоспарлы сейсмикалық жаттығулар өткізілетін болады.
Сейсмикалық жаттығулар өтетін күні халықты хабардар ету жүйесі іске қосылады.
Сейсмикалық жаттығулардың негізгі мақсаты — жер сілкінісі қаупі мен орын алуы кезіндегі іс-әрекетке халықтың дайындық деңгейін арттыру.
ТЖМ халыққа ескертуге құлақ асып, сейсмикалық жаттығуларға белсенді қатысуға кеңес береді.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі