• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • ҚАЗ
  • РУС
16.10.2026, 02:16
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазақстанның 75 әскери қызметшісі ЖИ бойынша білім алады

Maqsut Narikbayev University-де Қазақстан Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілеріне жасанды зердені күнделікті қызметте қолдануға үйрететін оқу басталды.

Ғалия Абылай Ғалия Абылай
09.10.2026, 11:19
Қазақстан жаңалықтары
Қазақстанның 75 әскери қызметшісі ЖИ бойынша білім алады
8
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Курстан барлығы 75 адам өтеді. Олардың қатарында Әуе қорғанысы күштері мен Құрлық әскерлерінің мерзімді әскери қызметшілері де бар, — деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. 

Практикалық сабақтар барысында әскери қызметшілер вайб-кодингтің негіздерін, яғни жасанды интеллектке берілетін сұраулар арқылы бағдарламалар мен цифрлық құралдар әзірлеу тәсілін меңгереді. Қатысушылар үлкен көлемдегі деректерді талдау және визуализациялау, цифрлық платформалар әзірлеу, сондай-ақ жұмыс үдерістерін автоматтандыру дағдыларын игереді.

– Біздің мақсатымыз – әскери қызметшілерге күнделікті қызметтік міндеттерінде қолдана алатын дағдыларға машықтандыру. Біз оларды нақты міндеттерге арналған цифрлық шешімдерді өз бетінше әзірлеуге баулимыз. Бұл еліміздің өңірлеріне қатысты деректерді талдаудан бастап, жұмыс үдерістерін автоматтандыруға дейінгі міндеттерді қамтиды. Ең бастысы – оның қалай жұмыс істейтінін көрсету және алғашқы қадам жасауға көмектесу. Осыдан кейін әр адам өз идеясын өз бетінше дамыта алады, – деді MNU басқарма төрағасының ғылым, инновациялар және жасанды интеллект жөніндегі орынбасары Сергей Пен.

Ақпараттық қауіпсіздік мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Қазіргі уақытта әскери қызметшілерге арналған арнайы жасанды интеллект жүйесін әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Оған енгізілген деректер жүйеден сыртқа шықпайды. Бұл әскери ақпаратты қорғау талаптарын ескере отырып, жасанды интеллект технологияларын қолдануға мүмкіндік береді.

– Вайб-кодинг бойынша сабақтар күнделікті қызметімде көп көмегін тигізеді деп ойлаймын. Оның көмегімен тапсырмаларды бірнеше есе жылдам әрі тиімді орындауға болады. Маған жасанды интеллект арқылы бірнеше қосымшамен бір мезгілде жұмыс істеп, оларды бір жүйеге біріктіру мүмкіндігі ұнады. Бағдарламаның өзі қажетті кодты жазады, ал пайдаланушының міндеті – тапсырманы дұрыс тұжырымдау, – деді Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің офицері майор Ғани Қорғанбаев.

Оқу аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар табысталады. «AI-X» бағдарламасы MNU-да үш жылдық мемлекеттік эксперимент аясында жүзеге асырылуда. Бағдарлама жасанды интеллект технологияларын меңгеруді салалық даярлықпен ұштастырады. Практикалық сабақтар үшін университеттің арнайы AI Agentic Lab зертханасы мен есептеу ресурстары пайдаланылады.

Тегтер: Әскери қызметшіЖИкурс
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай Құрылтай Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Астанада Astana Media Week медиа апталығы басталды

Астанада Astana Media Week медиа апталығы басталды

14.10.2026, 14:13
Бішкекте Қазақстан банктерінің Kaspi аккаунттарын сату схемасы анықталды: 13 адам ұсталды

Бішкекте Қазақстан банктерінің Kaspi аккаунттарын сату схемасы анықталды: 13 адам ұсталды

13.10.2026, 09:40
Жаңа ереже: Қазақстанда салық берешегін өндіріп алу тәртібі өзгереді

Жаңа ереже: Қазақстанда салық берешегін өндіріп алу тәртібі өзгереді

12.10.2026, 16:14
Доллардың күш алуы теңге мен халықтың қалтасына қалай әсер етеді?

Доллардың күш алуы теңге мен халықтың қалтасына қалай әсер етеді?

12.10.2026, 16:12
«Ой шебері» зияткерлік ойыны

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Берекелі отбасы – берік қоғам» іс-шарасы өтті

15.10.2026, 19:45

Шу ауданындағы жасыл энергетика: Өңірдің қуат көздері жаңа сатыға көтерілуде

14.10.2026, 23:51

Таразда тазалық талаптары қатаң бақылауда

14.10.2026, 23:41

Navai лақап атымен белгілі шетелдік азамат Жамбыл облысының аумағында ұсталды

14.10.2026, 20:37

Астанада Astana Media Week медиа апталығы басталды

14.10.2026, 14:13

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    СЕРІКБОЛ БЕРІКҚОЖАНЫҢ САЯСИ ЖОЛЫ: «ӘДІЛЕТКЕ» ТӨРАҒА АТАНДЫ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ой шебері» зияткерлік ойынында оқылуға міндеттелген 5 кітап

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Кінәмді мойындамаймын»: Тараздың бұрынғы бас сәулетшілері сотта соңғы уәждерін айтты

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжіне жаңа директор тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • «Ой шебері» зияткерлік ойыны
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.