WTA рейтингінде 7-орында тұрған Қазақстанның бірінші ракеткасы екінші айналымда америкалық Ива Йовичті оңай жеңіп шықты. Бірінші сетте қарсыласын 6:0 есебімен жеңді. Екінші сетте қарсыласы 1:3 есебімен алға озған. Артынша Елена ойынын түзеп, сетті 6:3 нәтижесімен аяқтады.
Елена Рыбакина үшінші айналымда украиналық Даяна Ястремскаямен ойнайды. Ол қазір WTA рейтингінде 33-орында тұрған теннисші.
Юлия Путинцева екінші айналымда қытайлық Чжан Шуайдан айласын асырды. Екі сетте де 6:2, 6:1 есебімен басым болып шықты. Үшінші айналымда ресейлік Дарья Касаткинамен ойнайды.