• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 21:37
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазақстандық әскери теңізшілер VIII Армия халықаралық ойындарына дайындалуда

turan_admin turan_admin
25.07.2022, 12:56
Қазақстан жаңалықтары
Қазақстандық әскери теңізшілер VIII Армия халықаралық ойындарына дайындалуда
454
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Әскери қызметшілер Әзербайжан астанасы Бакуде АрХО аясында өтетін «Теңіз кубогы – 2022» кемелер экипаждарының конкурсына қатысады.

Сайыс үшінші тамызда басталады. Жарыс өтетін жерге теңізшілер «Сарыарқа» зымыран-артиллериялық кораблімен келеді. «Орал» кораблі резервтегі кеме ретінде белгіленіп отыр.

Әскери теңізшілер жүзбелі минаны, теңіз және әуе нысаналарын артиллерия оғымен атып, жарысады. Олар кеменің тіршілік үшін күресін, құтқару құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын және теңіз машығын көрсетеді. Алты жарыстың тәртібі гидрометеорологиялық жағдайларға байланысты құрылады.

Қазір қатысушылар әуе және су үсті нысаналарын имитациялайтын нысаналарға оқ атып, тәжірибе жинауда. Жүзушілер қашықтыққа жүзуді орындап, құтқару құралдарын пайдалану техникасын пысықтайды. Кеменің мықтылығын сынау үшін апаттық жағдайдағы нұсқасы әзірленіп жатыр. Оның құрамында бес адам болады. Сабақтар бассейнде, пирстерде және теңізде өтеді.

– Авариялық құтқару құрал-саймандарының көмегімен кеменің мықтылығын көрсету үшін команда әртүрлі көлемдегі тесіктерді бітеуі тиіс. Бұл тапсырманы Әскери-теңіз базасының оқу-жаттығу кешенінде пысықтаймыз. Су жүйелі түрде он секунд сайын тесіктерден жіберіледі. Оған кірісу команда капитанының кеме зақымданды деген баяндамасынан кейін жеті минут ішінде орындалуы тиіс, – деді команда капитаны 3-сыныпты старшина Жамбыл Бадбаев.

Өткен жылы Иранда өткен конкурста теңізшілеріміз сайыстың осы кезеңінде бірінші орынға ие болды.

Жалпы Халықаралық армия ойындарында қазақстандықтар жеті сайысқа қатысады. Ресейде – «Танк биатлоны» мен «Эльбрус шеңбері, Әзербайжанда – «Теңіз кубогы», Арменияда – «Бейбітшілік жауынгері» өтеді деп жоспарлануда.

Қалған үш сайыс еліміздің әскери полигондарында өтеді. Атап айтсақ: Гвардейскіде – «Артиллериядан оқ ату шеберлері» минаатқыш есептоптарының жарысы, Бурабай таулы аймағындағы әскери колледждің базасында – «Меридиан» әскери-топографиялық қызмет мамандарының жарысы, Спасск полигонында – «Тактикалық мерген» әскери-спорттық жарыстар кешені өтеді.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50
Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

05.09.2026, 18:12

Елордада жамбылдық креаторлардың жәрмеңкесі өтуде

05.09.2026, 15:50

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.