Бүгін Диас Төлеу Алматының «Хан-Тәңірі» клубы сапында бірінші лигадағы «Екібастұзға» қарсы ойында (4:0) алаңға шықты. 62-минутта команда шабуылы кезінде Төлеу кенеттен көгалға жатып қалды.
Дереу дәрігер шақырылды.
Біраз уақыттан кейін ойыншыны зембілмен алып шықты. Телетрансляцияда оның есін жоғалтпағанын көруге болады. Ойын сағат 18:00-де басталды.
Ал үш сағат өткен соң Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) Диас Төлеудің қайтыс болғанын хабарлады.
Өкінішке қарай, бұл соңғы бір айдағы қазақстандық футболдағы үшінші қайғылы оқиға.
t.me/atamekenbusiness_sport







