• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 08:38
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазақстандық фермерлер жыл басынан бері 12,7 млн тонна шөп дайындады

Бұл биылғы жылға жоспарланған көлемнің 50,7% құрайды.

turan_admin turan_admin
07.08.2023, 11:47
Қазақстан жаңалықтары
Қазақстандық фермерлер жыл басынан бері 12,7 млн тонна шөп дайындады
41
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Биыл өңірлердің жемшөп шығындарының құнын субсидиялауға 11,7 млрд теңге бөлінді. Қажет болған жағдайда облыс әкімдіктерінің қосымша қаражат жіберуге мүмкіндігі бар.

Биылдан бастап алғаш рет жемшөп дайындау жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жеңілдікті дизель отынын ала алады. Өтінімдерге сәйкес жанармайдың қажеттілігі 57,9 мың тонна көлемінде қалыптасты. Қазір жеткізу басталды.

Бұдан басқа, 2022 жылдың қорытындысы бойынша Азық-түлік корпорациясы 235,2 мың тонна көлемінде жемшөп қорын қалыптастырды, оның қорлары қажет болған жағдайда мал және құс шаруашылығы кәсіпорындарын арзандатылған бағамен қолдау үшін бағытталатын болады.

Құрғақшылықтан зардап шеккен өңірлерде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ желісі бойынша фермерлердің несиелік борыштарын ұзарту және қайта құрылымдау мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Сондай-ақ, Үкімет резервінен мал шаруашылығын субсидиялауға қосымша қаражат бөлу мәселесі пысықталуда.

Айта кету керек, Жамбыл, Қостанай, Түркістан және Ақмола облыстарында шөп дайындаудың жақсы қарқыны байқалады. Павлодар, Атырау, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарының қарқыны төмен.

Қостанай облысындағы құрғақшылық туралы ақпарат туралы айтатын болсақ, облыс әкімдігінің ақпараты бойынша жазғы кезеңде жауған жауын-шашын табиғи және егілген шөптердің өсуіне қолайлы жағдай жасады. Облыс бойынша шөптердің орташа өнімділігі 5,2 ц / га құрайды.

Мал қыстайтын кезеңге 1,1 млн тонна шөп жинау жоспарланған, оның 843,3 мың тоннасы немесе 76,8% дайындалған.  Биыл азық дайындау үшін өңірге 6,3 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді.

Азыққа деген қажеттілікті толыққанды қамтамасыз ету мақсатында шөп шабу үшін бу алқаптары мен су айдындарының бойындағы жазғы дақылдарды қоса алғанда, алқаптардың барлық түрлері пайдаланылатын болады.

Шөптің орташа сату бағасы 1 тонна үшін былтырдан бері өзгерген жоқ, 24-30 мың теңгені құрайды.  Алайда, облыс орталығына жақын кейбір аудандарда коммерциялық баға 40-45 мың теңгеге дейін жетеді.

Сонымен қатар, облыс әкімдігі зейнеткерлерді, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерін, көп балалы отбасыларды, аз қамтылғандарды қолайлы бағамен қатты азықпен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Статистика деректерін ескерсек, Қостанай облысында жаппай мал сою байқалмайды. Жыл басынан бері 95 мың ІҚМ бас сойылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,8% аз.

Ақмола облысында болжамды есептеулер бойынша алдағы қыстауға мал басы 640 мың басқа дейін жетеді. Бүгінгі таңда фермерлер 901,2 мың тонна шөп немесе жоспардың 68,9%, 132,8 мың тонна (51,1%) пішен дайындады. Жем дайындау үшін арзандатылған ЖЖМ алуға 4,4 мың тонна дизель отынына 200-ден астам шаруашылық өтінім берді.

Биыл өңірдегі жемшөп дақылдарының көлемі 27,6 мың гектарға ұлғайып, 223,4 мың гектарды құрады. Өңірде жемшөп дақылдары өндірісінің көлемін арттыру үшін суармалы жерлерді кеңейту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Шығыс Қазақстан облысында бүгінгі таңда 296,2 мың тонна шөп немесе жоспарланған көлемнің 35% дайындалды.  Ағымдағы пішендеме қоры 34,1 мың тоннаны немесе жоспардың 43,6% құрайды. Ауыл шаруашылығы жануарларының саны орта есеппен өткен жылдың деңгейінде қалып отыр.

Облыста алдағы қыстауға арналған ауыл шаруашылығы жануарларын азықпен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді, әр ауданда әкімдері басқаратын жедел штабтар құрылды.

Сондай-ақ, шырынды мал азығының негізгі бөлігі қыркүйек айында басталатын жүгері сүрлеміне тиесілі екенін ескеру қажет. Құрғақшылыққа байланысты елімізде жем тапшылығы болжанып отырған жоқ.

Тегтер: ауыл шаруашылығыЖем-шөпшөп шабу науқаны
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.