• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Қазақстанда Павлодар мұнай-химия зауыты жұмысын қайта бастайды

27.07.2022
0
Қазақстанда Павлодар мұнай-химия зауыты жұмысын қайта бастайды
98
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Павлодар облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Павлодар мұнай-химия зауытында болып, кәсіпорынның қызметімен, жоспарлы жөндеуден кейін зауытты іске қосуға дайындық барысымен, сондай-ақ кәсіпорын мен сервистік (аутсорсингтік) компаниялар қызметкерлерінің еңбек жағдайларымен танысты.

Жөндеу жұмыстары кезінде «Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңының талаптарын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар орындалды. Зауытта жұмыстың өндірістік циклін үздіксіз қамтамасыз ету үшін жабдықтың өнеркәсіптік қауіпсіздігіне техникалық куәландыру және сараптама жүргізілді. Сонымен қатар технологиялық қондырғыларда жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстарына сәйкес, жабдықтарды тексеру, тазалау және ауыстыру іс-шаралары жүргізілді.

Вице-премьер бір апта ішінде өнім шығару көлемі 1,5 мыңнан 9 мың тоннаға дейін ұлғайтылатынын атап өтті. Негізгі міндет – қалыпты жұмыс режиміне оралып, күзгі егіс жұмыстарына алдын ала дайындалу және энергия ресурстары бағасының көтерілуіне жол бермеу арқылы еліміздің орталық және солтүстік өңірлерін қамтамасыз ету. Е. Тоғжанов зауыттағы жөндеу жұмыстары кезінде жағармай бағасы бұрынғы деңгейде қалғанын айтты. Жазғы кезеңде туристердің келуіне байланысты жағармай жеткізуде қиындықтар туындағанымен Үкімет және тиісті органдар бұл мәселелерді жедел түрде шешіп отырды.

«Энергетика министрінің ІІ жартыжылдыққа арналған жанар-жағармай материалдарының бағасы бойынша Бұйрығы бекітілді. АИ-92 бензинінің бағасы бұрынғы деңгейде қалды (литріне 182 теңге), Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарын есепке алмағанда, мұнда логистиканың қымбаттауына байланысты бензиннің бір литрінің бағасы 187 теңге тұрады. АИ-95 маркалы бензиннің бағасы реттелмейді (бұрын 215 теңге болса, қазір де орташа баға сондай болып қалды). Дизель отынының бағасы өңірлердің ерекшеліктеріне қарай бұрынғы деңгейде сақталып қалды, литріне 230-260 теңге. 28 шілдеден бастап ПМХЗ жөндеуден кейін өз жұмысын бастайды», — деді Е. Тоғжанов.

Халықтың табысын арттыру бағдарламасы шеңберінде еңбек кірістеріндегі теңгерімсіздікті жою және жұмыскерлердің жалақысын салалық орташа көрсеткіштен төмен емес деңгейде арттыру, халықты өнімді жұмыспен қамтуды ұлғайту мақсатында мемлекеттік қолдау шараларын алу кезінде бизнестің міндеттемелері белгіленді.

2022 жылғы 30 мамырдағы жағдай бойынша «ПМХЗ» ЖШС 2 315 адам жұмыс істейтін 13 сервистік (аутсорсингтік) компаниямен 29 шарт жасасты. Осы мәселені реттеу мақсатында «ПМХЗ» ЖШС бұрын аутсорсингке шығарылған персоналдың жалақысын және әлеуметтік пакетін одан әрі арттыра отырып, сервистік компаниялардың қызметтерінің құнын арттыру бойынша ұсыныстарды, сондай-ақ, аутсорсинг қызметкерлерінің жалақысын көтеру бойынша шарт сомасын ұлғайту үшін қолданыстағы шарттарға қосымша келісімдер әзірленіп, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-мен келісілді.

Сонымен қатар жалақыны арттыру «ПМХЗ» ЖШС қаржылық мүмкіндіктеріне қарай жүргізіліп, жұмыскерлердің біліктілігіне, орындайтын жұмыстың күрделілігі, саны және сапасына, еңбек шарттарына қарай, сондай-ақ, ұлғайтусыз қолданыстағы мұнай өңдеу тарифі шеңберінде дифференцияланады.

Аутсорсингтік компаниялар персоналының лауазымдық және тарифтік мөлшерлемелері әр компания үшін жекелей жұмыскерлердің біліктілігі, орындайтын жұмыстың күрделілігі, саны және сапасына, еңбек шарттарына байланысты  14-тен 56%-ға дейін ұлғайтылады.

Кездесу соңында Е. Тоғжанов кәсіпорын басшылығына кадрлар даярлауға ерекше назар аударуды тапсырды. Ол зауыт басшылығына өңірдегі колледждердің бірін өз қамқорлығына алуды ұсынды.

Павлодар мұнай-химия зауыты мұнайды отын нұсқасы бойынша өңдейді және өңдеу тереңдігін 88%-ға дейін қамтамасыз етеді, бұл үздік өндірушілердің деңгейіне сәйкес келеді. Зауыт автомобиль бензинін, РЖ маркалы реактивті қозғалтқыштарға арналған отын, дизель отынын, мазут, мұнай коксын, жол битумын, коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы газдар шығарады.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Grand Slam. Қазақстан алтынсыз қалды

Grand Slam. Қазақстан алтынсыз қалды

09.05.2025
Путин Тоқаевқа әкесіне арналған Кеңес Одағының батыры атағын беретін марапат қағазын тапсырды

Путин Тоқаевқа әкесіне арналған Кеңес Одағының батыры атағын беретін марапат қағазын тапсырды

09.05.2025
Жеңіс күні: Президент Путиннің шақыруымен Ресейге барды

Жеңіс күні: Президент Путиннің шақыруымен Ресейге барды

08.05.2025
Жамбыл облысында инвестиция көлемі 37,1 пайызға өсті

Жамбыл облысында инвестиция көлемі 37,1 пайызға өсті

08.05.2025
Таразда дәрігерлік амбулатория ашылды

Таразда дәрігерлік амбулатория ашылды

08.05.2025
Жеңіс күні: Ардагерлерге 545 млн теңге төленді

Жеңіс күні: Ардагерлерге 545 млн теңге төленді

08.05.2025
Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін Жеңіс парадын ұйымдастырды

Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін Жеңіс парадын ұйымдастырды

08.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты