3 тальго құрамы, 5 стандартты пойыз және 3 пойызға қосымша вагондар жалғанады.
2025 жылғы маусым мен қыркүйек аралығында мына пойыздар қатынайды:
- №253/254 Астана — Достық (Тальго) пойызы аптасына 2 рет қатынайды.
- №207/208 Алматы — Жалаңашкөл (Тальго) пойызы белгіленген күндерде қатынайды.
- №211/212 Алматы — Достық (Тальго) пойызы күнара қатынайды.
- №221/222 Алматы — Достық пойызы аптасына 3 рет қатынайды.
- №457/458 Семей — Достық пойызы күнара қатынайды.
- №459/460 Өскемен — Достық пойызы күнара қатынайды.
- Алматы — Достық бағытындағы пойызда қосымша вагондар күнара қатынайды.
- Қызылорда — Достық бағытындағы пойызда қосымша вагондар күнара қатынайды.
- Павлодар — Достық бағытындағы пойызда қосымша вагондар күнара қатынайды.
- №201/202 Астана — Алматы пойызы күн сайын жүреді.
- №203/204 Астана — Шымкент пойызы күн сайын жүреді.
Қосымша пойыздар 270 000-нан аса жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді. Билеттерді 45 күн қалғанда bilet.railways.kz ресми сайтынан немесе теміржол вокзалдарының кассаларынан сатып алуға болады.