Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның өкілі Жұлдызай Ысқақова, ҚР Парламентінің депутаттары, еліміздегі БҰҰ-Әйелдер құрылымының өкілдері, сондай-ақ гендерлік саясат саласындағы халықаралық сарапшылар қатысты.
Кездесу барысында Қазақстандағы қазіргі жағдайға жасалған талдау нәтижелері мен халықаралық стандарттар мен озық тәжірибелерді ескере отырып әзірленген ГСБ енгізу жөніндегі жол картасының жобасы талқыланды.
Аталған бастама барлық деңгейдегі бюджеттерді тиімді жоспарлау жүйесін әзірлеу, заңнамалық базаны жетілдіру, гендерлік сараптама енгізу, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және басқа да бағыттарды қамтиды.
Гендерлік сезімтал бюджетті енгізу Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасында белгіленген. Бұл бастама әлеуметтік әділетті бюджетті қалыптастыруға және инклюзивті қоғам құруға бағытталған.
Айта кету керек, гендерлік сезімтал бюджеттеу – бюджетті жоспарлау кезінде әйелдерге қандай да бір артықшылық беру емес, әйелдер, жастар, балалар мен әлеуметтік осал топтардың мүдделерін барынша ескеру арқылы бюджет қаражатының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Мәдениет және ақпарат министрлігі