KASE Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағасы 517,84 теңге болып, 4,35 теңгеге төмендеген.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 24 қаңтардағы ресми бағасы бір доллар үшін 522,42 теңге болды.
kurs.kz деректері бойынша қазір Алматының айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағасы 519,32 теңгеге, ал сату 522,20 теңгеге тең. Астанада америкалық валютаны орта есеппен 518,17 теңгеден сатып алып, 522,71 теңгеден сатып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін доллар бағасы бірден 6 теңгеге түскен болатын.