• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
ҚҰРЫЛТАЙ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда ажырасу деңгейі төмендеуде

Қоғамда моральдық және отбасы құндылықтарын нығайту – Мәдениет және ақпарат министрлігінің басым бағыттарының бірі

22.10.2025
0
Қазақстанда ажырасу деңгейі төмендеуде
43
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

2020 жылы елімізде «Қазақстандық отбасылар – 2020» атты алғашқы Ұлттық есеп жарияланды. Есепте ажырасу себептері, отбасылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы, туу динамикасына қатысты деректер мен талдаулар қамтылды.

2023 жылы осал санаттағы отбасыларды қолдауға бағытталған Әлеуметтік кодекс қабылданды. Құжатта көпбалалы және табысы төмен отбасыларға арналған нақты әлеуметтік қолдау шаралары, сондай-ақ ана мен бала құқығын қорғау тетіктері қарастырылған.

Ел өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі – әйелдердің құқықтарын қамтамасыз ету және балалардың қауіпсіздігін күшейту мақсатында қабылданған заңнамалық өзгерістер. Осы заң аясында Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық қылмыстық жауапкершілікке жатқызылып, балаларға қатысты кез келген зорлық-зомбылық түріне қатаң жаза енгізілді.

Аталған заңнамаларды жетілдіру шеңберінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған кешенді шаралар қабылданды. Отбасы институтын нығайту және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жаңа нормалар енгізілді.

Осы мақсатта бұрын қызмет етіп келген Отбасын қолдау орталықтарының жұмысы қайта құрылып, олардың қызметі бірыңғай модель бойынша жүйелендірілді. Нәтижесінде мұндай орталықтардың саны ел бойынша төрт есе, 33-тен 131-ге дейін артты.

Қазіргі уақытта Мәдениет және ақпарат министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, Отбасын қолдау орталықтарында көрсетілетін барлық әлеуметтік қызметтерді автоматтандыру және цифрландыру жұмыстарын белсенді жүргізуде.

Отбасы мен некені сақтау және нығайтуға арналған 2025-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. Жоспар отбасы өміріне саналы дайындықты арттыруға және ажырасудың алдын алуға бағытталған.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, соңғы бес жылда Қазақстанда ажырасу саны 16%-ға төмендеген. Егер 2020 жылы тіркелген ажырасу саны 48,2 мың болса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 40,5 мыңға дейін азайды.

2024 жылы некеге тұруға өтініш берушілерге арналған тегін алдын ала кеңес беру және оқыту жобасы іске қосылды. Жоба Шымкент және Астана қалаларында пилоттық режимде сәтті жүзеге асырылды.

Қазіргі уақытта ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Отбасы және дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, ата-аналардың балаларды тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыруға бағытталған кешенді шаралар» атты гранттық жобаны іске асыруда. 

Жобаның негізгі бастамаларының бірі – «Ата-аналар академиясын» құру. Бұл бастама аясында ата-аналарға арналған онлайн-курстар мен оқыту бағдарламалары ұсынылады. Сондай-ақ бала тәрбиесіне қатысты өзекті мәселелер бойынша түсіндіру кездесулері өткізіледі. Жақын арада «Ата-ана.kz» онлайн платформасын іске қосу жоспарланып отыр.

Отбасы институтын және моральдық-әлеуметтік құндылықтарды нығайту мақсатында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын ұйымдастырады. Соңғы 11 жыл ішінде конкурсқа еліміздің барлық өңірінен 20 мыңнан астам отбасы қатысты.

Сонымен қатар, 2023 жылы елімізде Аналар күні (мамыр айының екінші жексенбісі) мен Әкелер күні (маусым айының үшінші жексенбісі) ресми мереке ретінде бекітілді. Қазақстанда жыл сайын қыркүйек айының екінші жексенбісінде Отбасы күні атап өтіледі.

 

 

 

Тегтер: Қазақстан

Танымал жаңалықтар

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

«Adilet» партиясының Жамбыл облыстық филиал басшысы сайланды

02.07.2026
0

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

Құрылтай сайлауы: Жамбыл облысынан қай партиялар кімдерді ұсынды? (1 бөлім)

07.07.2026
0

Мұрат Адамның лицензиясы бойынша сотта адвокатқа қатысы жоқ жарияланымдар қаралды

Гульнар Бажкенова қатысты қылмыстық іс бастау алды

02.07.2026
0

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

Таразда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды

06.07.2026
0

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Жамбылда Кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

09.07.2026
0

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

08.05.2021
0

  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты