Қаржы пирамидасы 2024 жылғы қыркүйектен қарашаға дейін жұмыс істеген. Алайда оның қызметі Павлодар, Алматы, Ақтөбе және басқа облыстарға таралып үлгерген.
Қаржылық мониторинг агенттігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті интернет-дүкен платформасында жұмыс істей отырып, тауарларды жалған түрде бөліп төлеуге сатып алу үшін ақша салуды ұсынып, әр 10 күн сайын 5 пайыздан 15 пайызға дейін сыйақы төлеуге уәде берген.
Кейінірек салымшылар нақты сатып алынбаған тауарлар үшін қарыздарды төлей берген, ал күдікті ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырып, оны ойын-сауыққа, соның ішінде шетелге (БАӘ, Тайланд және тағы басқа) сапарларға жұмсаған.
Пирамидаға 150-ден астам адам жұмылып, нәтижесінде 100 миллион теңгеден астам қаражат салған.
Қаржы пирамиданың қаражатына күдікті екі автокөлік, Mercedes Benz және Toyota Camry маркалы көліктерді сатып алғаны анықталды, олар соттың санкциясымен тәркіленді.
Сот күдіктіге қатысты «үйқамақ» түрінде бұлтартпау шарасын таңдады.
Еске салайық, 2024 жылы агенттік салымшыларға 20 миллиард теңгеден астам залал келтірген 42 қаржы пирамидасын анықтады. 78 адам сотталып, 13 миллиард теңгеден астам залал өтелді, 287 миллион теңге мөлшерінде мүлік тәркіленді.