• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
12.09.2026, 04:34
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазақстан Республикасының басқа елдердегі елшіліктері инвесторлар тартуға көмектеседі

turan_admin turan_admin
05.03.2021, 17:48
Облыс жаңалықтары
Қазақстан Республикасының басқа елдердегі елшіліктері инвесторлар тартуға көмектеседі
1k
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

 Ағымдағы жылдың қаңтар айында инвестицияның жалпы көлемі 11,1 миллиард теңгені құрады десек, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5 пайызға өсімді көрсетеді. Облыс бойынша орташа көрсеткіш ойдағыдай, дегенмен аудандардағы қалыптасқан жағдайларды олай бағалай алмаймыз.

Облыстық әкімдікте өткен жиын барысында кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев Қордай, Жуалы, Байзақ аудандары осы орайдағы көрсеткіш бойынша артта қалып отырғандардың қатарынан екенін ашып айтты.

— Өткен жылы инвестицияның жалпы көлемі 344,1 миллиард теңгені құрап, бұл 2019 жылға қарағанда 12,7 пайызға артты. Биылғы көрсеткіштер де былтырғыдан төмен болмауы үшін бізге аянбай жұмыс жасауға тура келеді. Жыл енді басталды десек, бізде әлі уақыт жеткілікті. Көтерме және бөлшек сауда, тау-кен өнеркәсібі, құрылыс және қызмет көрсету салаларында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі төмен күйінде қалып отыр, — деді А.Сейсебаев.

Ағымдағы жылы 544,2 миллиард теңге көлеміндегі 48 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген. Жоспар бойынша жаңа өндірістер ашу, қолданыстағыларды жаңғырту шаралары жоспарлануда.

— Екінші деңгейлі банктер мен қаржы институттары желісі бойынша өткен жылы шағын және орта бизнес субъектілері 85,6 млрд.теңге көлемінде қаржылық қолдауға ие болды, оның 41 млрд. теңгесі мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде бөлінген, — деді А.Сейсебаев.

Басқарма басшысы қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру бойынша елімізде жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстар туралы да тілге тиек етті. Ол Қазақстанда инвестициялық преференциялар жұмыс істейтінін, жергілікті атқарушы органдар жер учаскесін бөлуге, оны инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге көмектесетініне тағы бір назар аудартты. Сондай-ақ технологиялық құрылғыларды, материалдар мен шикізатты импорттау кезінде оңайлатылған салықтық режим бекітілгеніне көңіл бөлгізді.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев шетелдік инвесторларды тарту үшін Қазақстан Республикасының басқа елдердегі елшіліктерімен өзара тиімді тығыз байланыс орнату қажеттігін атап өтті. Елшіліктерде жергілікті кәсіпкерлер үшін консультациялар ұйымдастырылады. Онда Жамбыл облысының қай саласы инвестиция құю үшін дайын екендігі айтылады.

— Ағымдағы жылға  арналған міндеттердің қатарында инвестиция көлеміндегі жеке қаражаттың үлесін арттыру да бар. Отандық өндірушілерді қолдау, оның ішінде мемлекет жүргізіп отырған индустрияландыру саясаты, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, сондай-ақ отандық өндірушілермен экспортты ұлғайтуға көмектесу бойынша нақты жұмыстар жүргізу де басты назарда болуы тиіс. Салалық басқармасы, «ӘКК-Тараз» АҚ» ҰК, екінші деңгейлі банктер және қаржы институттарының қызметтерін өзара үйлестіру керек, — деп түйіндеді өңір басшысы.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

 

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

№17 Жамбыл колледжінің басшысы ауысты

№17 Жамбыл колледжінің басшысы ауысты

09.09.2026, 21:36
«Білім-инновация» лицейлеріне жаңа директорлар тағайындалды

«Білім-инновация» лицейлеріне жаңа директорлар тағайындалды

09.09.2026, 20:32
Жамбыл облысында грант иегерлеріне менторлық қолдау көрсетілуде

Жамбыл облысында грант иегерлеріне менторлық қолдау көрсетілуде

08.09.2026, 12:05
Тұрар Рысқұлов ауданында жаңа үйлер беріліп, 2 млрд теңгеге тарихи Түрксіб вокзалы жаңғыртылды

Тұрар Рысқұлов ауданында жаңа үйлер беріліп, 2 млрд теңгеге тарихи Түрксіб вокзалы жаңғыртылды

08.09.2026, 09:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына үлес қосқан бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады

11.09.2026, 18:00

eGov «қызметкері» Тараз тұрғынының атына 7 несие рәсімделгенін айтып, 2 млн теңгесінен айырды

11.09.2026, 13:00

Екі кереуетке 210 млн теңге: Жаңаөзенде аурухана қаржысын жымқырған күдіктілер қамауға алынды

11.09.2026, 09:00

Енді Kaspi.kz қосымшасында айыппұлдың видеосын көруге болады

10.09.2026, 19:23

Тараздағы жұмбақ өлім: Ер адамды аяусыз ұрып-соғып, өз көлігімен ауруханаға әкелген

10.09.2026, 18:56

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    Жамбыл облысында аға прокурор ұсталды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.