• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:39
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазақстан Президенті Швецияның Сыртқы істер министрі Анн Линдені қабылдады

turan_admin turan_admin
12.04.2021, 20:49
Қазақстан жаңалықтары
Қазақстан Президенті Швецияның Сыртқы істер министрі Анн Линдені қабылдады
852
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапарымен келген Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы, Швецияның Сыртқы істер министрі Анн Линдені қабылдады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев швед дипломатына ілтипат білдіріп, оның елімізге жасаған сапары ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы ретінде де, Швецияның сыртқы саяси ведомствосының басшысы тұрғысынан да өте маңызды екенін атап өтті.

– Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қағидаттары мен құндылықтарына бейіл екенін айтқым келеді. Сіз басқарып отырған Ұйыммен арадағы ынтымақтастық – сыртқы саясаттағы басымдықтарымыздың бірі. Біз аталған Ұйыммен де, оған мүше мемлекеттермен де арадағы тығыз ықпалдастықты нығайта түсуге дайынбыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Мемлекет басшысы 2010 жылы Астанада өткен ЕҚЫҰ-ның тарихи саммитінің қорытындылары Ұйымның дамуына тың серпін бергенін және оның аса маңызды екенін атап өтті.

Президент екіжақты байланыстардың перспективаларын талқылау барысында Қазақстанның Швециямен арадағы өзара ықпалдастықты экономикалық және гуманитарлық салаларға баса мән бере отырып, одан әрі нығайтуды көздейтініне тоқталды.

 

Өз кезегінде Анн Линде Қасым-Жомарт Тоқаевқа қонақжайлық көрсеткені үшін алғыс білдіріп, ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы ретіндегі осы сапарының өзі үшін маңызды екенін жеткізді.

– ЕҚЫҰ мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастарға зор мән беретінімізді атап өткім келеді, – деді Швецияның Сыртқы істер министрі.

Анн Линде Қасым-Жомарт Тоқаевқа ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы лауазымындағы өз жұмысының алғашқы қорытындылары, алдағы жұмыстары, оның ішінде, Орталық Азия бағытындағы жұмыс жоспарлары туралы мәлімет берді.

Әңгімелесу барысында Ванкуверден Владивостокқа дейінгі Еуропа мен Еуразияның ауқымды кеңістігіндегі қауіпсіздіктің сын-қатерлері мен тәуекелдері талқыланды. Сонымен қатар ЕҚЫҰ-ның алдында тұрған әскери-саяси, экономикалық-экологиялық және адамзаттық сияқты үш өлшемдегі міндетті жүзеге асыру жолдары бойынша пікір алмасты.

Тегтер: http://turaninfo.kz/turaninfoturaninfo.kz
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52
Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09
Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34
Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.