Кездесу барысында Ерлан Сағнаев кооперативтердің экономикадағы айрықша орнын атап өтті. Ол кооперативтердің азаматтарды ортақ іске тартып, жаңа жұмыс орындарын қалыптастыратынын, шағын және орта бизнесті қолдап, қоғам мен мемлекеттің арасындағы алтын көпірге айналатынын айтты. Сондай-ақ өнімді сертификаттау жүйесін жетілдіру, халықаралық компаниялардың өндірісін Қазақстанда кооперативтік негізде жергіліктендіру және көлік байланысты дамыту мәселелері қозғалды.
Баласубраманиан Айер БҰҰ-ның 2025 жылды Халықаралық кооперативтер жылы деп жариялағанын еске салды және Қазақстанға ICA қатарына қосылуды ұсынды.
Тараптар бірлескен жұмыс топтарын құру, сараптамалық кездесулер өткізу және өңірлік форумдар мен электронды сауда алаңдарына қатысу мүмкіндіктерін талқылауға дайын екендіктерін білдірді.







