Бұл жарыста Эндре Стремсхейм жеңіске жетті. Ал, Йоханнес Бе екінші орын алса, Стурла Холм Легрейд үшінші болып мәреге жетті. Үш биатлоншы да — Норвегия құрамасының өкілдері.
Қазақстан құрамасынан ең үздік нәтиже көрсеткен Владислав Киреев 87-орынға табан тіреді. Александр Мухин 90-орынға жайғасса, Кирилл Бауэр 94-орын алды, ал Әсет Дүйсенов 102-орынмен жарысты аяқтады.