• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 02:53
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазақ халқына құрметі мол Тарас

Түрлі этнос өкілдерінің ынтымағына қатысты жиындардан осы Тарас Леоненко деген азаматты жиі көремін.

Turan Redaktor Turan Redaktor
19.08.2025, 12:14
Облыс жаңалықтары
Қазақ халқына құрметі мол Тарас
18
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жай қатардағы көптің бірі емес, мінберден қазақ тілінде сөз сөйлеп, белсенділік танытып жүреді. Өзінің ұлты – украин. Қарапайымдылығы, айналасына құрметпен қарауы кімге болсын ерекше әсер етеді. Елгезек, көпшіл азаматтың достары да көп, жеткен жетістігі де көп.
Тарас Викторовичтің балалық шағы Жуалы ауданы, Қоңыртөбеде нағашыларының ауылында өткен. Нағашы атасы мен апасы қазақ. Қазақ балаларымен достасып, бірге өсті. Мектептің 9-сыныбынан соң, Жамбыл политехникалық жоғары колледжіне «Есептеу техникасы мен автоматтандырылған жүйелерді бағдарламамен қамтамасыз ету» мамандығына қабылданып, 2004 жылы жақсы үлгеріммен бітіріпті. Ал 2010 жылы Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетін «Математика пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітіріп шықты.
Университетте жүргенде де қазақ балаларымен достығы артып, мемлекеттік тілді меңгеруде көш басында жүрді. Қазақ тілінде пікірсайыс байқауларына қатысып, талай рет жүлде алды.
2008 жылы Жуалы аудандық «Мемлекеттік тілім – менің тілім» атты байқауға қатысып, бас жүлдені иеленсе, аудандық жас мамандар арасында «Жемқорлыққа қарсы күресудің жаңа әдістері мен нысандарын әзірлеу» тақырыбында өткізілген пікір-сайыс турнирінде «Үздік спикер» атағына ие болды. Аталған жылы аудандық «Төрлет, жаңа жыл» атты көңілділер мен тапқырлар сайысына қатысып, қазақы қалжыңдар мен әдемі әзілдерін көрсеткені үшін жүлдеге қол жеткізді.
2009 жылы аудандық жас мамандар арасында «Бүкіл әлемдік дағдарыс және оны шешу жолдары» тақырыбында өткізілген пікірсайыс турнирінде «Үздік спикер» атағына ие болғаны – үлкен жетістік.
2009 жылы «Мемлекеттік тіл – менің тілім» облыстық байқауында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру және мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мен насихаттауды жандандыруда көрсеткен үздік жетістігі үшін марапатталды.
Аталған жылы «Бүкіл әлемдік дағдарыс және оны шешудің жолдары» атты пікірсайыста «Үздік спикер» атануы да Тарастың жарқын болашағына жол ашты.
2007 жылы Жуалы ауданындағы №21 Дмитрий Пахомов орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі, артынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.
Осы қызметін 2018 жылы Тараз қаласындағы №32 орта мектепте де жалғастырды. Қазіргі таңда Тараз қаласындағы №26 орта мектептің директоры. Үш жылдан бері осы қызметті абыройлы атқарып келеді. Тарас мемлекеттік тілден бөлек орыс, украин, ағылшын тілдерін біледі.
Дегенмен қазақ тіліне құрметі жоғары. Мектепте тілі «шолақ» қазақ ұлтының балаларына ұялтып айтатын сөзі бар екен.
«Сенің өз ана тілің ғой. Менің ұлтым басқа. Солай бола тұра қазақ тілін таза сөйлеп тұрмын. Сенің қазақ тілінде сөйлей алмауың ұят», – дейді ғой.
Әлгі оқушы ұялып, ана тіліне ерекше ден қоя бастайды. Тарас осылайша, өзін ғана емес жүздеген шұбар тілді қазақ балаларының мемлекеттік тілде еркін сөйлеуіне ықпал етіп жүр. Шынымен де оның туып-өскен Отанын жан-тәнімен сүйетіні, қазақ тілінде еркін, мақал мәтел қосып та сөйлей беретіні «ресми тілді» бедел санайтын талай жергілікті ұлт өкілдеріне үлгі.
Шәкірттері де үнемі жүлделі орыннан көрініп жүр. Білім саласы бойынша алған марапаты да біршама. Былтыр облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің Құрмет грамотасымен марапатталды. Алдағы уақытта да Тарас Леоненко қазақ тілінің өркендеуіне зор үлесін қоса беретіні анық.

Тегтер: Жамбыл облысыҚазақстан халқы АссамблеясыҚХАэтносаралық татулық
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.