Бұл шара жолдардың мерзімінен бұрын тозуын алдын алуға және елордада жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында жүзеге асуда.
Көліктік бақылау жұмысын атқару үшін 6 жылжымалы бекет пен 40-қа жуық инспектор жұмылдырылды. Көліктік бақылау инспекторлары 2025 жылғы 7 наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін ауыр салмақты автокөлік құралдарының қозғалысын бақылауды күшейтті. Бұл шара биылғы жылдың қыркүйегіне дейін жалғасады. Алдағы уақытта дәл осындай жұмыс еліміздің барлық өңірлерінде басталмақ.
«Бақылау жұмысы жылжымалы бекеттер мен арнайы автоматтандырылған өлшеу станциялары арқылы қаланың негізгі кіреберіс жолдарында жүзеге асырылып жатыр. 1400-ден астам жүк көлігі тексеріліп, 600-ден хаттама толтырылды»,- деп атап өтті мамандар.
Рұқсат етілген нормадан тыс жүк тасу жолдардың мерзімінен бұрын тозуына әкеледі. Белгіленген жүк параметрлерін қатаң сақтау қажет.
ҚР КМ Көлік комитеті