• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:00
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Ауылдарда инженерлік желілер тартылып, жөндеуден өтуде

turan_admin turan_admin
03.09.2020, 23:04
Облыс жаңалықтары
Ауылдарда инженерлік желілер тартылып, жөндеуден өтуде
290
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Құлан ауылында өткен кезекті кездесуде Т.Рысқұлов және Меркі аудандарының әкімдері Ерболат Садырқұлов пен Мейірхан Өмірбековтің есептерін тыңдады.

Аймақ басшысы бұған дейін аудан әкімдерінің есептерін тыңдаған болатын. Осы уақыт ішінде белгілі бір жұмыс алгоритмі жолға қойылды. Спикерлер аймақтардағы қоғамдық-саяси ахуал, әлеуметтік-экономикалық даму туралы баяндады. Негізгі мақсат – жүйелік мәселелерді анықтау және басым міндеттерді белгілеу.

Кездесуге облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров, ҰҚК департаментінің бастығы Марат Ирменов, полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов қатысты.

Жалпы, аудандарда экономиканың барлық базалық салаларында оң динамика байқалады.

Ағымдағы жылы Меркі ауданында құны 6,1 миллиард теңгені құрайтын 108 әлеуметтік маңызы бар жоба, Т.Рысқұлов ауданында құны 5,9 миллиард теңгені құрайтын 89 жоба жүзеге асырылуда.

— Бұл жобалардың барлығының түпкі мақсаты – ауылдағы өмір сүру сапасын жақсарту, жұмыссыздықты жою. Бірақ бөлінген қаржы желге ұшпауы үшін әкімдер өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарауы тиіс, — деді Бердібек Сапарбаев.

Тіршілікті қамтамасыз ететін инженерлік желілер салынып, жөнделуде. Ағымдағы жылдың соңында  дейін Меркі ауданында елді мекендерді орталықтандырылған сумен жабдықтау көрсеткіші 84 пайызға, Т.Рысқұлов ауданында 69 пайызға жетеді деп күтілуде. Сондай-ақ, газдандыру деңгейі сәйкесінше 86,6 және 57,1 пайызды құрамақ.

Меркі ауданында 139, Т.Рысқұлов ауданында 174 көше жөндеуден өтуде. Нәтижесінде ауылішілік жолдардың қанағаттанарлық және жақсы жағдайдағы үлесін тиісінше 90 және 98 пайызға жеткізу жоспарлануда.

— Егер су құбырларын тартуда қиындықтар туындаса, ұңғымаларды пайдалануға болады. Ең бастысы, тұрғындар таза ауыз суға қол жеткізуі керек, — деді облыс әкімі.

— «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыру нәтижелері көңіл көншітпейді. Аудандарда халықты жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту, тұрақты жұмыс орындарын құру, гранттар мен микрокредиттер беру жұмыстары өз деңгейіндеп жүргізіліп жатқан жоқ. Аз уақытта барлық кеткен кемшіліктерді жойылуы тиіс, — деді Бердібек Сапарбаев.

Әкімдерге өндірістік әлеуетті пайдалану туралы да тапсырма берілді. Егер кәсіпорындар өзінің қуаттылығын арттыру бойынша жұмыстар жүргізетін болса, онда тиісінше жаңа жұмыс орындары ашылатын еді.

«Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы а назардан шығармау керек», — деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Аймақ басшысы жастар тәрбиесіне қатысты мәселелерге де жан-жақты тоқталды. Ол ата-аналар комитеттерінің, қоғамдық ұйымдардың және ардагерлер кеңесінің үйлесімді жұмысының маңыздылығын атап өтті.

Білім саласында кемшіліктер бар. Тұрар Рысқұлов ауданындағы 3 мектептің күрделі жөндеуі аяқталмаған. Меркідегі 21 білім ошағында дәретханаларды ішке көшіруге қатысты жұмыс бітпеді. Дәстүрлі түрде білім алатын оқушылардың үлесін көбейту жөніндегі мәселенің беті әлі ашық.

— Баланың бар зейіні сабақта болуы керек. Бүлдіршіннің мектепке барып оқуы керектігін ата-ана түсінгені жөн,- дейді өңір басшысы.

Мектептерді көгілдір отынмен қамтуға қатысты да тапсырмалар берілді.

— Кей жерлерде ауылда газ бар да, білім ошағында жоқ. Әлеуметтік нысандар көгілдір отынмен бірінші кезекте қамтылуы керек, — деп Бердібек Сапарбаев қадап айтты.

Отырыс барысында сондай-ақ ақпараттық-насихат, идеологиялық іс-шаралар мен ұлтаралық түсіністік мәселелері де талқыға түсті. Аймақтағы қылмыстық ахуал да назардан тыс қалмады.

Бердібек Сапарбаев ауылдағы мешіттердің барлығында имам болуы керек деп тапсырды. Тек осылай ғана жат ағымдардан аман боламыз дейді.

— Коронавирустың екінші толқынына дайын болуымыз керек. Денсаулық сақтау мекемелері кез келген сценарийге дайын болуы тиіс,- деп түйіндеді облыс әкімі.

Жиын соңында аудан әкімдеріне барлық өзекті мәселелердің тізімін нақтылап, оған қатысты қолданылар шаралар жоспарын әзірлеу тапсырылды.

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.