• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 04:15
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Ауыл жастары аудан әкіміне алғысын айтты

turan_admin turan_admin
17.02.2021, 16:55
Облыс жаңалықтары
Ауыл жастары аудан әкіміне алғысын айтты
1.4k
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Спортпен шұғылдану – салауатты өмір салтының негізі, денсаулықтың кепілі. Қазақ халқының «Бірінші байлық – денсаулық», «Дені саудың – жаны сау», «Жаны саудың – тәні сау» деген мақал-мәтелдері адам денсаулығын күтуде терең тәрбиелік және философиялық маңызы бар екенін түйіндесе керек. Мемлекетіміз осы тұрғыда бұқаралық спортты дамытуға ерекше мән беруде. Халықтың спорттық нысандар мен шағын футбол алаңдары және спорттық үйірмелердің көбейуі туралы ұсыныстары бүгінде қаперге алынып, Жамбыл ауданында жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Ауданның спорт саласындағы жетістігі орасан. Аудан бойынша 41 шағын футбол алаңы, 21 балалар ойын алаңы мен 16 жаттығу алаңшасы бар. Әйтсе де, футбол алаңында жаттығып жүрген спортшылардың аудан атын облысқа танытып жүргені шамалы. Әсіресе, тақырып кіші және үлкен футбол турнирлері аясында болса, таңдайға талғажау ететін жетістіктер арагідік. Дегенмен ауызбіршілігі бекем, спортқа ерекше көңіл бөлетін елдімекендер бар. Мысалға, Бірлесу-Еңбек, Бесжылдық, Шайдана, Қаракемер, Ащыбұлақ ауылдары кез келген турнирлердің басы-қасынан табылады. Соның ішінде 750-ге жуық тұрғыны бар Қарасу ауылдық округіне қарасты Шайдана ауылы аудандық және облыстық додаларда ауданның атын асқақтатуда.

Өткен жылға бас сұқпай ағымдағы жылдың өзінде Әділ Байұзақов жетекшілік ететін «Шайдана-Алмаз» командасы теңбіл допты ұршықша иіретін Жамбыл облысының әуесқойлар футбол лигасының кестелік тізімінде көш бастап тұр. Бүгінде 13 кездесу өткізген аудан мақтаныштары қарсылас біткенді қапы қалдырып, 33 ұпаймен алдыңғы шептен бой түзеді. Аптаның сенбі, жексенбі күндері «Тараз-Арена» әмбебап спорт кешенінде өтетін облыстық лигаға 48 команда қатысып, екі ай бойы айналмалы жүйеде бақ сынасуда. Екі топтан ең көп ұпай жинаған төрт команда іріктеліп алынып, өзара мықтыны анықтап, лиганы қорытындылайтын көрінеді.

Бұл туралы команда бапкері Азамат Құрбанов: – Енді 5 маңызды кездесуіміз бар. Егер екінші айналымды жоспардағыдай орындасақ, екі топтан іріктеліп алынған командалармен жүздесеміз. Биыл алға қойған мақсатымыз – бірінші орынды иелену болып отыр. Жастардың дайындығы өте жақсы. Барлығы жергілікті мекеннің ойыншылар. Өткен жылға қарағанда көрсеткіш көңіл көншітеді. Оның үстіне ауданымыздың өзінен 6 команда қатысқаны басқа өңірлермен салыстырғанда басымдылыққа ие. Бұл ауданның спортқа деген ыждаһаттылығын көрсетіп тұрса керек. Көбіне жаттығуды «Шайдана-Алмаз» спорт кешенінде өткіземіз. Жастардың тұрақты түрде спортпен айналысуына аудан әкімі Сәкен Арубаевтың көп көмегі тиді. Сиқы құрып, жасанды төсеніші ескірген алаңшаның жағдайы туралы ашық хатты ауыл жастары аудан басшысына өткен жылдың жаз айында тікелей жолдағаны бар. Сонда жастардың өтінішін назарға алған Сәкен мырза кешенге арнайы келіп, жағдайын көзбен көріп кеткен болатын. Араға апта салып, сапалы төсенішті тағы бір қайтара төсеп бергені жастардың спортқа деген ынтасын арттыра түсті. Соның нәтижесінде жаз, күз айларында үзбей жатыққан аяқдопшылар, облыстағы адуынды командаларға тойтарыс беруде. Әрине жетістік дайындықпен келетіні сөзсіз. Дегенмен дайындалу үшінде алаңның мүмкіншілігі жақсы болуы керек. Сол үшінде аудан басшына жастардың айтар алғысы шексіз, – дейді.

Ал жергілікті аяқдопшылардың еңсе тіктеуіне кіндік қаны тамған өлкесіне маңдай терінде тамызып жүрген кәсіпкер Әділ Байұзақовтың еңбегі өлшеусіз.

Сондай-ақ Жамбыл ауданының абыройын тасытып жүрген аяқдопшылардың бәсекесін тікелей көрсетілімдегі «YouTube» каналынан ал, команда ұпайларын «www.tarazllf.kz» сайтынан көруге болады екен.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.