Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ербол Жиенқұловтың 2022 жылғы 24 мамырдағы №106-ж/қ бұйрығымен Пернеш Серікхан Қуатұлы басқарма басшысының орынбасары болып тағайындалды.
Серікхан Қуатұлы 1992 жылы Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келген. 2014 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Менеджмент», 2016 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2014 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының экономикалық талдау, жоспарлау және ақпаратпен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы болып бастаған. 2016-2018 жылдары — Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, инновациялық және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бөлімінің басшысы; 2018-2022 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының инвестиция және инновация бөлімінің басшысы қызметін атқарды.