Өрт сөндіруші-құтқарушылар демалыс күндері, яғни соңғы үш тәулікте қи-қоқыс пен қураған шөптің жануына, есік ашу жұмыстарына және автокөліктегі өрт оқиғалары мен өзге де шақыртуларға 21 рет шыққан.
2021 жылдың 23 сәуірінде сағат 23.00-де 101 қызметіне Тараз қаласының тұрғынүйлері тығыз орналасқан аумағында, яғни Ярошбаев көшесіндегі тұрғынүйдің шатыры өртке оранғандығы жөнінде хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына Тараз қ. Өрт сөндіру бөлімдерінен барлығы 4 Өрт сөндіру автокөлігі мен 15 адам жеке құрам шығып, өртті сөндіру жұмыстарын атқарған. От жауынгерлерімен өрт 23 минутта жойылған. Өрт ауданы 70 шаршы метрді құрады. Өрттен қаза болған және зардап шеккендер жоқ. Өрт салдарынан аталған үйдің шатыры жойылды. Алайда, өрт сөндірушілер өрттің өзге аумаққа жайылуына жол бермей, нәтижесінде көрші тұрғынүйлерді өрттен құтқарды. Қазіргі уақытта арнайы мамандар өрттің шығу себебі мен шығынын анықтауда.
Осыған орай Жамбыл облысы ТЖ департаменті облыс және қала тұрғындарына түнде ұйқыға жатпас бұрын немесе үйден шығарда электр құралдарын ток көзінен суырып, газ немесе пеш құралдарын сөндіріп, әрдайым автокөлікті өрт сөндіргіш құралдарымен қамтамасыз етіп, өрт қауіпсіздігін сақтауға шақырады. Қауіпсіздік шараларын сақтау — өмірімізді қорғау екендігін естен шығармаңыздар. Өрт туындай қалған жағдайда 101 және 112 қызметіне жедел қоңырау шалу қажет екендігін ескертеді.
Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Қоғаммен байланыс тобы






