• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

АУДАН ОҢ КӨРСЕТКІШПЕН ОЗЫҚ ШЫҚҚАН

10.02.2021
0
АУДАН ОҢ КӨРСЕТКІШПЕН ОЗЫҚ ШЫҚҚАН
261
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Қоғамның бірқалыпты дамып, мемлекеттің ішкі тұтастығының сақталуы тікелей полиция қызметкерлерінің біліктілігіне байланысты. Тәртіп бар жерде ғана тұрақтылық болатыны айтпаса да түсінікті. Батыр тұлға Бауыржан Момышұлының «Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деген бір ауыз тәмсілі осы айтпақ ойымыздың жиынтығындай. Расында, іштен ірімей, ірге сөгілмей күн кешуіміз сақшылардың тынымсыз еңбегінде жатыр.
Бүгінде адам өміріне, тіпті тағдырына тікелей әсер ететін 3 мамандық бар. Олар – мұғалім, дәрігер және полиция қызметі. Бірі – адам жанының, екіншісі – тәнінің емшісі. Ал сақшыларды тұтас қоғамның тамыршысы десек болады.
Осындай абыройлы міндетті арқалаған Жамбыл аудандық полиция бөлімі бүгінде оң көрсеткіштерімен озық шығып, қоғамдағы тәртіп бұзушылықтарды төмендеткен. Осы тұста «Басты міндетіміз – тыныштық» деп білетін жандар­дың жетістігін тізбектеп көрдік.
Апта аралығында аудандық полиция бөлімінің бастығы Талғатбек Татеновке барып, уақытпен санаспай атқарған жұмыстарының жай-жапсарын сұрадық. Талап пен тәртіптің соңында қашанда оң нәтиже барын білеміз. Бөлім бастығының бізге берген мәліметтері аудан көлемінде ауқымды істердің атқарылғанын аңғартты. Құқық бұзушылық азайған, тіпті, кей санаттағы қылмыстар атымен жоқ. Көрсеткіштің оңалуына тәжірибелі полицейлер мен салаға енгізілген жаңалықтардың әсері мол.

– Күнде өзгеріс еніп, желдің жылдамдығындай жаңарып жатқан қоғамда салалар да жаңа заманның игілігін, жаңалығын өзіне сіңіріп жатыр. Себебі, болашақтың беталысы бізді «сандық жүйе» деген жаңа талапқа үйретуде. Бүгінде айналамыз цифрландыру өркениетіне еніп кетті. Осы орайда уақыттың тиімділігі және жариялылық пен ашықтықты қамтамасыз ету үшін біз де осы бағытқа дендеп еніп жатырмыз. Айталық, қазір қызметкерлер планшетпен жұмыс істейді. Сондай-ақ онша ауыр емес, орташа қылмыстар электронды тіркеледі. Бұл жұмысымызды біраз жеңілдетті десек болады, – дейді Талғатбек Болатбекұлы.

Соңғы 11 ай көлемінде 4636 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама тіркелген.
Жаңа технология жайлы айтып қалдық. Осыған қатысты бір қызық дерек еске түсіп отыр. Ғылымы дамыған Америкада қылмысты анықтаудың ерекше тәсіліне тәжірибе жасалыпты. Қалай дейсіз ғой? Ірі сауда орнына ұрыны қимылы арқылы анықтайтын камера орнатқан. Бейнеаппарат ұрының тосын ісін таныса, дереу мәлімет беріп отырады. Міне, осындай бейнероботтар бізде де қолданылатын күн алыс емес. Жылы жауып, қоғам қылмыстан тазарды дей алмаймыз. Алайда азайғанын көруге болады. Жалпылама айтқанда, өткен жылмен салыстырғанда қылмыс саны 263-тен 198-ге төмендеп отыр. Оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар 33,3 пайызға, көшеде жасалғандары 66,7 пайызға және мал ұрлығы 33,3 пайызға төмендеген. Ал қарумен жасалған, отбасында болған қылмыс мүлдем тіркелмеген. Жоғарыда аталған көрсеткіштер біріншіден алдын алу бағытындағы жұмыстардың нәтижесі. Сондай-ақ, жедел-профилактикалық іс-шаралардың, күні-түні қойылған кезекшіліктің көрінісі. Бұл тұрғыда Талғатбек Татенов «Жұмыстың жеңілі жоқ шығар, бірақ жауапкершілік бәрінен жоғары тұруы керек», – дейді.
Сөзінің жаны бар, сақшылардың жұмысы қоғамдағы құқық бұзушылықтың көрсеткішімен өлшенеді. Әр полицей өз мамандығына адалдық танытса, қоғамның көзқарасы да дұрыс болары һақ.

– Қызметкерлеріміз біліктілігін арттырып, тәжірибесін толықтырып жүреді. Еңбек еткеннің ісі еш кетпейді. Үнемі үздіктерді марапаттап, жол көрсетуге, туындаған түйткілді мәселелерді шешуге көмектесу үшін ардагерлермен кездесу өткізіп, мерейін өсіріп отырамыз. Тек аудан орталығындағы емес, шалғай, қаламен іргелес жатқан елді мекендердегі қызметкерлеріміздің табанды тірлігі көпке үлгі болса дейміз. Олардың күн-түн демей сабылып жасаған жұмысын біз, жалпы қоғам білуі керек деп есептеймін, – деді аудандық полиция бөлімінің басшысы.

Полиция – шым-шытырығы көп, тәуекелі басым қызмет. Антына адал жандар қылмыспен бетпе-бет келгенде батылдық пен қайсарлықты, сабыр мен төзімді серік ете білуі керек. Тұрғындармен тілдесіп, байланыс орнатқанда сыпайылықтың «шекарасын» сақтай алуы қажет. Бұл салада салқынқандылық қана ұшпаққа шығарады. Сондықтан сақшы болу заң бұзғанға темірдей, жәбірленуші мен қарапайым азаматқа жібектей болуды үйретеді. Олардың елге деген осы қызметі абырой биігіне көтереді және солай боларына сенейік.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Халық денсаулығы жайлы статистикалық жинақ әзірленді — ДСМ

Халық денсаулығы жайлы статистикалық жинақ әзірленді — ДСМ

19.06.2025
Қазақстан мен ЕО экологиялық ынтымақтастықты кеңейтуде

Қазақстан мен ЕО экологиялық ынтымақтастықты кеңейтуде

19.06.2025
Тоқаев Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенін аралады

Тоқаев Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенін аралады

19.06.2025
Жазғы демалыс – әр балаға қуаныш пен қамқорлық

Жазғы демалыс – әр балаға қуаныш пен қамқорлық

19.06.2025
Мойынқұмда дәрігерлер улы жылан шаққан науқасты аман алып қалды

Мойынқұмда дәрігерлер улы жылан шаққан науқасты аман алып қалды

18.06.2025
Қазатомөнеркәсіп атом саласының кадрлық әлеуетін қандай?

Қазатомөнеркәсіп атом саласының кадрлық әлеуетін қандай?

18.06.2025
Республикалық бюджет тапшылығы 3,6 триллион теңгені құрады

Республикалық бюджет тапшылығы 3,6 триллион теңгені құрады

18.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты