ОБЛЫСТА «СЕНІМЕН БОЛАШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ. Филиал басшысы Бағжанов Дәурен Орайұлы.
Бірлестіктің басты мақсаты «Қоғамда саналы ата-ана мәдениетін ата-аналармен бірге қалыптастыру, ата-аналарға бала тәрбиесінде педагогикалық және психологиялық қолдау көрсету»
Республика бойынша 120 000-нан аса ата-ана мүшелікке тіркелді, 16 филиалда 61 маман педагог және психолог жұмыс атқарады. Азаматтық белсенділігі мен бала тәрбиесінде айтары бар түрлі саланың 247 сарапшылары бірлесе жұмыс жүргізуде. Ұйым тарапынан республика бойынша 126 000-нан астам атааналарға 16 910 түрлі іс-шаралар, оның ішінде 57 ірі форум, 3 симпозиум, 3767 семинар-тренинг, 600-ге жуық отбасылық сайыстар жүргізілді. Республиканың алты өңірінде әлеуметтік жобалар жүзеге асырылды. Оның ішінде: Жамбыл облысында 7 апталық «Салауатты ата-ана мәдениеті» атты отбасылық даму марафоны ұйымдастырылды. Марафонға 400 отбасы қатысып, 800-ге жуық ата-ана, 1600 бала қатысты және Тараз қаласы мен аудандарда «Әке – отбасының тірегі!» атты әкелер форумы өткізілді. «Бала-бақша тәрбиеленушілері ата-аналарының психолог мамандарға жүгіне ме?» жобасы аясында тұрғындардың көзқарасын зерделеу мақсатында әлеуметтік зерделеулер жүргізіліп, аудандарда «Балалардың репродуктивті және жыныстық тәрбиесін қалыптастырудағы ата-ананың рөлі» атты семинары өткізілді. Ата-ана мәдениетін қалыптастыру мақсатында ата-аналар жиналысына қатысып, тығыз байланыста жұмыс жасалуда.