«4 тамызда түнде Атырау, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай болады», — деп жазылған хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай — ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы.
Айта кетейік, 4 тамызда елордада жауын-шашынсыз ауа райы болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады. Түнде ауа температурасы +9…+ 11, күндіз + 18…+20 градус болады.







