• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 02:59
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Астанада Жазушылар одағының жылдық қорытынды жиыны өтті

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан Жазушылар одағының жыл қорытындысына арналған «Жас әдебиеттің көкжиегі» атты әдеби-мәдени жиын өтті

turan_admin turan_admin
22.12.2025, 16:23
Жаңалықтар, Мәдениет
Астанада Жазушылар одағының жылдық қорытынды жиыны өтті
16
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов, Қырғыз Республикасының мемлекеттік хатшысы, Қырғызстанның Ел жазушысы Арслан Қойшиев, Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов және Қазақстанның белгілі ақын-жазушылары, әдебиеттанушы ғалымдар, зиялы қауым өкілдері мен жас қаламгерлер қатысты. Кездесу барысында Айбек Сыдықов ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хатын оқыды.

«Мәдениет және ақпарат министрлігі қаламгерлерге, руханият саласына қолдау көрсету мақсатында Жазушылар одағымен жемісті жұмыс істеп келеді. Оның ішінде «Стратегиялық әріптeстік» бағыты бойынша жасалып жатқан жобалар мен мерейтойларды атап өту, қаламақы төлеу, кітаптар басып шығару, халықаралық кітап көрмелерінде насихаттау жұмыстарының маңызы зор. Бүгінгі мемлекеттік тапсырыспен және «Қазақстанның әдеби-танымдық панорамасы» жобасы аясында жарық көрген жаңа кітаптардың таныстырылымы құтты болсын! Барша қаламгерлерге шалқар шабыт тілеймін!», — делінген құттықтау хатта.

Басқосуда ұлттық әдебиеттің даму бағыттары мен қазіргі заман әдебиетінің өзекті мәселелері талқыланды.

Іс-шара аясында «Түркі әлемінің әдебиеті» жобасы бойынша жарық көрген 4 жаңа кітаптың, «Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шыққан 2 кітаптың, сондай-ақ жас қаламгерлердің 20 кітабының тұсаукесері өтті.
Жарыққа шыққан барлық кітаптар еліміздегі жалпыға бірдей қолжетімді кітапханаларға таратылды.

Жиын барысында сөз сөйлеген Арслан Қойшиев түркі халықтары арасындағы әдеби ынтымақтастықтың маңызын атап өтіп, әдеби жобаларды жүйелі түрде қолдап келе жатқан Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан Жазушылар одағына алғысын білдірді. Ол мұндай бастамалардың ортақ рухани құндылықтарды дәріптеуге және қаламгерлер арасындағы шығармашылық байланысты нығайтуға айрықша үлес қосатынын жеткізді.

Кездесу соңында әдебиеттегі жаңашыл үрдістер, түркі дүниесінің ортақ рухани құндылықтары мен болашақтағы шығармашылық ынтымақтастық бағыттары сөз болды.

Тегтер: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

Айдархан Қалиев, дизайнер, «Aspara» брендінің негізін қалаушы:   «Бір көйлекті сапалы етіп шығару үшін мың рет толғанамын»

Айдархан Қалиев, дизайнер, «Aspara» брендінің негізін қалаушы: «Бір көйлекті сапалы етіп шығару үшін мың рет толғанамын»

03.09.2026, 12:23
Тоқаев ШЫҰ туралы: Ең бастысы – «Шанхай рухын» сақтап қалдық

Тоқаев ШЫҰ туралы: Ең бастысы – «Шанхай рухын» сақтап қалдық

02.09.2026, 13:00
Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді.

Тек ресми мәліметтерге сеніңіз: JAQ.OrtCom фейктердің таралуы туралы ескертеді.

19.08.2026, 15:16
«Сізге банктен қоңырау шалып жатыр»: телефон алаяқтарын қалай тануға болады

«Сізге банктен қоңырау шалып жатыр»: телефон алаяқтарын қалай тануға болады

18.08.2026, 11:41

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.