Арызда олардың «іскерлік мүдделері мен беделіне елеулі зиян келтірген, көрінеу жалған ақпаратты бірнеше рет таратқаны» туралы айтылған.
Ведомство тергеу әрекеттері Қылмыстық-процестік заңнама талаптарына сай кезең-кезеңімен жүргізілгенін атап өтті.
«Жиналған материалдардың жиынтығын, тергеу сатысын және заңда көзделген негіздерді ескере отырып, биыл 23 желтоқсанда ҚазТАГ бас редакторы ұсталып, Астана қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп түсіндірді полиция.
Полиция өкілдері тергеу жұмыстары ҚР Қылмыстық-процестік кодексі талаптарына қатаң сәйкес жүргізіліп жатқанын, өзге ақпарат жария етілмейтінін айтты.
Қылмыстық кодекске сәйкес, бұл бап бойынша жаза ретінде 5 мың АЕК-ке дейін айыппұл салу, түзеу немесе қоғамдық жұмыстарға тарту, сондай-ақ 5 жылға дейін бостандығын шектеу не айыру қарастырылған.
Тегтер: Әмір Қасенов






