Астана, BAQ.KZ. Елордада Кенесары көшесінің бойында автобус жасөспірімді қағып кетті. Алған жарақатының ауыр болуына байланысты бойжеткен оқиға орнында көз жұмды.
«Бүгін, 23 қазан сағат 14:40 шамасында Кенесары көшесімен келе жатқан №40 бағытындағы автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті. Болжамы бойынша, жасөспірім жолдан жаяу жүргіншіге рұқсат етілмеген жерден өткен. Бүгінде жол көлік оқиғасы салдарынан 2003 жылғы қыз оқиға орнында көз жұмды», — делінген ведомствоның хабарламасында.
Бүгінде аталған жол көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345 бабы бойынша тергеу шаралары басталды. Сонымен қатар, қажетті сараптамалар тағайындалды.
Айта кетейік, аталған жағдай бойынша алдағы уақытта «Астана LRT»ЖШС басшылығы түсініктеме беретін болады.
Дереккөз Baq.kz сайтынан