Алаяқ мемлекет тарапынан мүгедектерге берілетін сыйақыны алып беремін деген жолмен алдап, шамамен 1 миллион теңге ақшасын өзінің банк карточкасына аудартып алады.
Бұдан кейін де ол жәбірленушіден 150 мың теңге ақша беруін талап етеді. Оның әрекетінен күдіктенген қыз полиция қызметкерлеріне хабарласып, алданғанын айтқан.
Алматы ауданы полиция басқармасы криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында алаяқты ұстап, ақшаны өз иесіне қайтарды.
Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.