Бұл шаралар жастарды қоғамдағы көпмәдениеттілікті қолдауға және этносаралық диалогқа тартуға бағытталған.
Сонымен қатар, жалпыұлттық құндылықтарды насихаттауға арналған «Жаңа толқын» жастар жобасы аясында 2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында 16 шара ұйымдастырылып, оған 5 100 адам қатысуға мүмкіндік алды. Бұл жобалар жастардың белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға, олардың патриоттық сезімдерін және этносаралық бірлікті арттыруға ықпал етуде.
«Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігі мен «Жаңа толқын» жобасы арқылы Жамбыл облысының жастары этносаралық қатынастарды нығайтуға және өңірдегі бейбітшілік пен келісімді сақтау шараларына белсенді түрде қатысуда.







