• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Арнайы күзет, дабыл түймелері және турникеттер: мектептерде қауіпсіздік жүйесі күшейтілмек

17.02.2023
0
535
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі бойынша кеңес өткізді. Оған министрлердің және облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жағдай туралы, 2022 жылы білім беру нысандарын терроризмге қарсы қорғау нұсқаулығы туралы, білім беру ұйымдарында пайдалану үшін шектелген тыйым салынған заттардың тізімін бекіту жөнінде баяндады. Мысалы, Алматы, Қостанай, Түркістан облыстарында, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында бейнебақылау жүйесі жоқ.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Түркістан облыстарының ірі қалаларында мамандандырылған күзет қызметімен келісімшарт жасалмаған. Барлық оқу орындары қауіпсіздіктің кешенді жүйесімен қамтамасыз етілуі тексеріледі.

Сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігі балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және балалардың құқықтарын қамтамасыз ету, оның ішінде Қауіпсіздік жүйесін ұйымдастыру жөніндегі кешенді жоспардың жобасын әзірлеуде. Оған 20-ға жуық мемлекеттік орган мен өңірлер жұмылдырылған. Негізгі мәселе қауіпсіздік саласындағы қызметтерді сатып алу үшін жергілікті әкімдіктерден қаржыландырудың аздығы.

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ішкі істер органдарының жұмысы және лауазымды тұлғалардың күзет қызметі мен жауапкершілігіне қойылатын талаптарды күшейту жөніндегі шаралар туралы хабарлады. Петропавл қаласындағы №4 орта мектепте болған оқиғаға қатысты тексеру барысында нысанда турникет пен мамандандырылған күзеттің жоқтығы анықталғанын атап өтті. 15 мектеппен бейнебақылау жүйелерін жедел басқару орталықтарына қосу туралы шарттар жасалған. Оның ішінде №4 ОМ шарты 31.12.2022 жылы аяқталғаны анықталды. Қаражат бөлінгенімен, мектептер келісімшарттар жасамаған. Қазіргі уақытта лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі қарастырылуда.

Вице-премьер Алтай Көлгінов оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесінің өзектілігін атап өтті.

«Білім беру ұйымдарында техникалық жарақтандыру және лицензияланған күзет мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысында айтарлықтай кемшіліктер мен олқылықтар бар. Мұның барлығын келесі оқу жылының басына дейін түзету қажет. Білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданбаған жағдайда қатаң жауапкершілікке тартатын боламыз», — деді Алтай Көлгінов.

Кеңес қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға оқу жылы басталғанға дейін білім беру ұйымдарын дабыл түймелерімен, турникеттермен, ішкі істер органдарының Жедел басқару орталықтарына қосылған лицензияланған күзетпен жарақтандыру жөніндегі жұмыстарды аяқтау тапсырылды.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Жеңіс күні: Президент Путиннің шақыруымен Ресейге барды

Жеңіс күні: Президент Путиннің шақыруымен Ресейге барды

08.05.2025
Жамбыл облысында инвестиция көлемі 37,1 пайызға өсті

Жамбыл облысында инвестиция көлемі 37,1 пайызға өсті

08.05.2025
Таразда дәрігерлік амбулатория ашылды

Таразда дәрігерлік амбулатория ашылды

08.05.2025
Жеңіс күні: Ардагерлерге 545 млн теңге төленді

Жеңіс күні: Ардагерлерге 545 млн теңге төленді

08.05.2025
Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін Жеңіс парадын ұйымдастырды

Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін Жеңіс парадын ұйымдастырды

08.05.2025
Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

08.05.2025
Қазақстанда қосымша пойыздар қосылады

Қазақстанда қосымша пойыздар қосылады

08.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты