• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 02:47
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қаратау қаласында 2 көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді

turan_admin turan_admin
14.12.2021, 02:41
Облыс жаңалықтары
Қаратау қаласында 2 көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді
419
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Талас ауданы Қаратау қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай екі көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қоныс той иелеріне жаңа пәтерлердің кілтін табыстап, ізгі лебізін жеткізді.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес халықтың тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша жүйелі шаралар қабылдануда, тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламалары үздіксіз жүзеге асуда. Бұл мәселе қашан да мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Өңірде жыл сайын құрылыс қарқыны артып келеді. Шағын қалаларда, соның ішінде Қаратауда тұрғын үй қорын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда Қаратауда бос тұрған 6 көпқабатты тұрғын үй қалып отыр. Оларды қайта жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңмен жүзеге асады. Құрылыс-жөндеу жұмыстары тек бюджет қаражаты есебінен ғана емес, демеушілердің қолдауымен де орындалуда. Мысалы, «Қазфосфат» ЖШС бір тұрғын үйді қайта жаңғыртып, пайдалануға беріп отыр, «Talas Investment Company» ЖШС де бір тұрғын үйді қайта жаңғыртудан өткізуде, — деген облыс әкімі қуаныш иелеріне бақ-береке тілеп, Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында құрылысы жүрген №17  бес қабатты тұрғын үй 64 пәтерден тұрады. Мердігер – «Агроспецстрой» ЖШС. Жобалық құны – 482,7 миллион теңге. Жаңа пәтерге ие болғандардың қатарында халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері, ұзақ жыл пәтер кезегінде тұрған азаматтар бар.

— Бізді назардан тыс қалдырмай, қолдау білдіргені үшін мемлекетке үлкен рахмет айтамыз. Енді біздің өз баспанамыз бар. Бүгін біз үшін аса қуанышты күн,-деді тұрғын Ғайша Жүнісова.

Бұл күні аймақ басшысы көрші тұрған бес қабатты №15 үйдің де пайдалануға беру салтанатына қатысты. «Қазфосфат» ЖШС ұзақ уақыт бойы бос тұрған 72 пәтерлі үйді қайта жөндеуге 1,2 миллиард теңге жұмсаған.

— Жақында ғана Қаратау қаласында «Қазфосфат» ЖШС қаражатына салынған «Тәуелсіздікке 30 жыл» жаңа саябағы ел игілігіне берілген болатын. Компания өз қызметкерлерінің жалақысын арттырды. Серіктестік әлеуметтік және қоғамдық пайдалы мәселелерді  шешуге зор  үлес қосуда, — деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

«Қазфосфат» ЖШС Бас директоры Нұрхан Нұрланұлы компания қызметкерлерінің тұрғын үй жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөлінуде екендігін жеткізді. Облыс әкімі Талас ауданына жұмыс сапары барысында 25 орындық мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту және бейімдеу орталығының жұмысымен де танысты. Ғимаратта балаларды шығармашылық және физикалық дамыту үшін барлық жағдайлар жасалған. Мұнда 30 қызметкер жұмыспен қамтылған.

Бұдан кейін аймақ басшысы қайта жаңғыртудан өткен «Тәуелсіздік» саябағын аралап көрді.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.