• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 05:54
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

ҚАРАШӨКЕЕВТІҢ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ЖЫЛЫ ТУРАЛЫ

2023 жылдың 5 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың ұсынысымен, Жамбыл облысындағы мәслихат депутаттарының басым дауысымен Жамбыл облысы әкімі болып Ербол Қарашөкеев сайланған болатын.

turan_admin turan_admin
01.01.2024, 15:00
Қоғам, Облыс жаңалықтары
Т. Рысқұлов ауданында 300 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді
327
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Ербол Қарашөкеевтің 2023 жылы Жамбыл облысы әкімі қызметіндегі шолумен таныс болыңыздар. Хронологиялық реттілік сақталды. Инвестициялық кездесулер тілге тиек етілмеді. Нақты зауыт немесе жұмыс орын ашылғанда ғана ескеруді жөн санадық. Ал, кеттік:

06 қыркүйек — Жамбыл облысы мәслихаты төрағасы, тексеру комиссия төрағасы, ардагерлер ұйымының төрағасы, Қоғамдық кеңес төрағасы қабылдады.

07 қыркүйек — «Ұлы дала» (№15) шағын ауданы тұрғындарының наразылықтарын тыңдады.

Құқық қорғау органдарының басшыларын қабылдады.

08 қыркүйек — Тараз қаласы «Ұлы дала» (№15) шағын ауданындағы бірқатар нысандардың құрылыс жұмыстарымен танысып, тұрғындармен кездесті.

9-10 қыркүйек күндері — Астана қаласында Жамбыл облысы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті.

11 қыркүйек — «Мемлекет. Қоғам. Әділетті Қазақстанды құрудағы әріптестік» тақырыбында ХІ өңірлік Азаматтық форум өтті.

13 қыркүйек — Жамбыл облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіровті, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы Мереке Кучекбаевты қабылдады.

14 қыркүйек — Қазфосфат» ЖШС минералды тыңайтқыштар өндіру зауытының жұмысымен танысты.

15 қыркүйек — алғашқы жұмыс сапары Тұрар Рысқұлов ауданынан басталды.

18 қыркүйек — жұмыс кестесінен тыс, таңертеңгі уақытта Тараз қаласы №1 аумақтық округіндегі бірқатар нысандарды жаяу аралап, жай-күйімен танысты. Осы күннен бастап Тараз қаласын таңертеңгі аралау басталып кетті.

20 қыркүйек — Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев зиялы қауым өкілдері және ардагерлермен кездесті.

21 қыркүйек — партиялардың өңірлік филиалдарының төрағаларымен кездесу өткізді.

23 қыркүйек — Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаровты әуежайдан күтіп алып, Қазақ-Қырғыз I Өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында екі елдің Үкімет басшылары суды пайдалану, энергетика, сауда, өндірістік кооперация, транзит және көлік, ауыл шаруашылығы, туризм және т. б. салалардағы мемлекетаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

27 қыркүйек — республикалық және жергілікті БАҚ өкілдерімен кездесіп, журналистердің мәселелерін тыңдады.

30 қыркүйек — Мойынқұм ауданына жұмыс сапарымен барып, жергілікті халықпен кездесті.

05 қазан — мәдениет саласының өкілдерімен кездесті.

06 қазан — Таразда Мүгедектер күні қарсаңында 150 орынды Жамбыл облыстық әлеуметтік оңалту орталығы игілікке берілді. Байзақ ауданында жұмыс сапарымен болып, әлеуметтік нысандарды аралап, шаруалармен кездесті.

07 қазан — Ұстаздар күніне арналған мерекелік шараға қатысып, үздіктер мұғалімдерді марапаттады.

10 қазан — спорт ардагерлерін қабылдады.

13 қазан  — Қордай ауданына жұмыс сапарында Гвардейск қалашығындағы «ОtarBioPharm» ЖШС-нің қызметімен танысып, Қарасу ауылында «Ауыл — ел бесігі» жобасы аясында бой көтерген дене шынықтыру және сауықтыру спорт кешенін ашып, Қарасу және Сортобе ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті.

16 қазан — отандық ауылшаруашылығы саласының ғалымдарымен кездесіп, аграрлық аймақтағы ауқымды мәселелер мен алдағы жоспарларды жан-жақты талқылады.

20 қазан — өңірдегі белсенді жастармен еркін форматта кездесіп, жүзеге асып жатқан жастар бағдарламалары мен жобаларды, оларды қолдау мәселелерін талқылады.

26 қазан —  «Тараз металлургия зауыты» ЖШС-не барып, жұмысымен танысты.

28 қазан — Байзақ ауданында «Қант қызылшасы өндірісін дамыту» тақырыбындағы «Егінжай-2023» облыстық дала семинарына қатысты.

02 қараша — 2023 жылғы Азия ойындары мен Пара Азия ойындарының жүлдегерлері және олардың жаттықтырушыларымен кездесті.

05 қараша — Жуалы мен Тұрар Рысқұлов аудан әкімдерін сайлау өтті.

07 қараша — Сарыкемер ауылындағы Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының ұстаздары мен оқушылардың жаппай улану бойынша арнайы комиссия құрылып, ауруханадағы жағдаймен танысты.

08 қараша — Жуалы ауданы әкімі Жалғас Мұртаза мен Тұрар Рысқұлов ауданы әкімі Ернар Есіркеповты аудан активтеріне таныстырды.

09 қараша — Сарысу ауданына жұмыс сапары «QAZAQSODA» ЖШС-нің жобасымен танысып, күрделі жөндеуден өткен көппәтерлі үйдің кілтін тапсырып, орталық қазандық пен орталық аурахананың жұмысымен танысты.

16 қараша — Т. Рысқұлов ауданы Құлан ауылында 300 орындық жаңа мектеп-гимназиясы пайдалануға берілді.

19 қараша — Еңбек Ерлері мен Халық Қаһармандары келіп, бірқатар ауқымды әрі маңызды шараларға қатысты.

30 қараша — Шу ауданындағы Бірлік және Жаңақоғам ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті.

01 желтоқсан — Таразда аутизмі бар балаларға арналған орталық ашылды. Бұл еліміз бойынша «Самұрық-Қазына» және «Қазақстан халқына»  қорларының демеушілігімен құрылған бесінші орталық. Оған облыс әкімдігі мен «Қамқорлық» корпоративтік қоры да қолдау білдірген.

02 желтоқсан — Жамбылдық полицейлерге алғашқы болып отандық өндiрiсте жасалған электромобильдер табыс етілді.

05 желтоқсан —  Орталық коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдерімен өткен брифинг барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі нәтижелерін атап өтті.

14 желтоқсан — Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі — баспасөз хатшысы болып Ахметов Жанғазы Сембайұлы тағайындалды.

15 желтоқсан — Жамбыл облысында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды

20 желтоқсан — Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Келесов Еркін Егембердиевич Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып тағайындалды.

21 желтоқсан  — Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жергілікті және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен еркін форматта кездесу өткізіп, журналистердің мәселелерін тыңдап, түрлі сауалдарына жауап берді.

22 желтоқсан — Үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері және өкілдерімен өткен еркін форматтағы кездесті.

23 желтоқсан — жергілікті 24 қаламгердің кітабы жарық көрді. Өңірдегі зиялы қауыммен кездесіп, ой-ұсыныстарын тыңдап, мәдениет, руханият бағытындағы бірқатар мәселелерді талқылады.

26 желтоқсан — «Жыл үздігі – 2023» спорттық номинациясы жеңімпаздарын марапаттау салтанатына қатысып, үздік спортшыларды, жаттықтырушыларды, сала ардагерлері мен қызметкерлерін құттықтады.

27 желтоқсан — Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес Мәди Мейірбекұлы Мәтен облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Өңірлік жастар форумы аясында облыстық «Әулиеата үздігі» жастар сыйлығы және «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері марапатталды.

29 желтоқсан — Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Тараз қаласындағы дарынды оқушылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан сыйлықтарға ие болды.

2024 жылды осындай ақпаратпен бастауды дұрыс таптық. 

Тегтер: Ербол Қарашөкеев
БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Айдархан Қалиев, дизайнер, «Aspara» брендінің негізін қалаушы:   «Бір көйлекті сапалы етіп шығару үшін мың рет толғанамын»

Айдархан Қалиев, дизайнер, «Aspara» брендінің негізін қалаушы: «Бір көйлекті сапалы етіп шығару үшін мың рет толғанамын»

03.09.2026, 12:23
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.