Жамбыл облысы әкімінің аппарат басшысының бұйрығымен Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы — баспасөз қызметінің басшысы болып Ахмет Жанғазы Сембайұлы тағайындалды.
Ахметов Жанғазы Сембайұлы, 1991 жылы Жуалы ауданында туылған.
Білімі:
- Жоғары: 2009-2013 М.Х.Дулати атындағы ТарМУ
- Мамандығы: Журналистика
Жұмыс тәжірибесі:
- Жамбыл облыстық «Ақ жол» газеті, тілші (2011 жыл)
- Жуалы аудандық «Жаңа өмір» газеті, аға тілші (2012 жыл)
- Жамбыл облыстық «Мәдениет мінбері», республикалық «Депутат дауысы» журналдары ( 2012-2014 жылдары)
- Жамбыл облыстық «Ақ жол» газеті, тілші (2014 – 2018 жылдары)
- Жамбыл облысы әкімі баспасөз қызметіндегі облыс әкімінің Бас инспекторы (2018 жылдан бүгінгі күнге дейін)
Жетістіктері:
- «Мен сондаймын!» атты жеке жыр жинағының авторы
- Өлеңдері республикалық жас ақындар анталогиясына енген
- Әзімбек Жанқұлиевті еске алуға арналған облыстық жас ақындар мүшайрасының бірінші орын,
- Серік Томановтың 60 жылдығына арналған облыстық жыр мүшайрасының екінші орын,
- Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған облыстық жас ақындар мүшайрасының үшінші орын иегері.
- Делфилик ойындарынын поэзия аталымы бойынша облыстық кезенінің жеңімпазы, осы байқаудың республикалық айналымында жүлделі екінші орын иегері.
- Жамбыл облыстық жас дарындарға арналған «Әулиеата үміті» сыйлығының лауреаты.