• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Қанат Бозымбаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды

Қанат Бозымбаев Таразда облыстар және Шымкент қаласының әкімдерімен оңтүстік өңірлердің дамуын талқылады

26.05.2025
0
Қанат Бозымбаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды
2
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Премьер-министрдің орынбасары Тараз қаласында еліміздің оңтүстік өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуы және «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Кеңеске Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, сондай-ақ ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков пен қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы қатысты.
Әкімдіктерге жаңа Бюджет кодексі аясында Өңірлік стандарттар жүйесін ескере отырып, бюджеттік жоспарлау ережелері түсіндірілді.
2024 жылдың қорытындысы бойынша Өңірлік стандарттар жүйесі бойынша нысандармен және қызметтермен қамтамасыз ету деңгейі: Жамбыл облысында – 74,1% (ел бойынша 4-орын), Түркістан облысында – 66,3% (14-орын), Қызылорда облысында – 66,8% (6-орын), Шымкент қаласында – 87,9% (2-орын). Жалпы алғанда, барлық оңтүстік өңірлерде бұл көрсеткіш республикалық орташа деңгейден – 66,1% – жоғары.
Оңтүстік өңірлердегі экономикалық өсудің негізгі қозғаушы күші – ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес. Бұл өңірлер азық-түлік өнімдерінің ірі өндірушілері және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосып отыр. Дегенмен, өңірлер үшін негізгі мәселелердің бірі – инфрақұрылымды жаңғырту.
Кеңес барысында Қанат Бозымбаев инфрақұрылымдық жобаларды жоспарлау Өңірлік стандарттар жүйесінің көрсеткіштерін қатаң ескере отырып жүзеге асырылуы қажет екенін еске салды.
Өңірлік деңгейдегі теңгерім мен айырмашылықтарды азайту мақсатында вице-премьер әкімдіктерге Ұлттық экономика министрлігінің бюджеттік инвестициялық жобаларды басымдық бойынша іріктеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарын ескере отырып, артта қалған елді мекендерді бірінші кезекте қаржыландыру туралы шешім қабылдауды тапсырды.
«Ауыл аманаты» жобасы аясында Жамбыл облысында шамамен 10 мың жұмыс орнын құруды көздейтін болжамды инвестициялық жобалар, Қызылорда облысында 8 мың жұмыс орнын, Түркістан облысында 23 мың жұмыс орнын ашуға бағытталған жобалар қалыптастырылды. Қанат Бозымбаев олардың іске асырылуын жеделдетуді тапсырды. Ұлттық экономика министрлігіне Қаржы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерімен және облыс әкімдіктерімен бірлесе отырып, «Ауыл аманаты» жобасын қаржыландыру мәселесін пысықтауды тапсырды.
Сапар аясында Қанат Бозымбаев Қазақ ұлттық су шаруашылығы және мелиорация университетіне барып, оқу орнының оқытушыларымен кездесті. Кейін Тараз қаласындағы жаңа шағынаудандағы көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы және Түйте каналы жағалауын абаттандыру жұмыстарымен танысты.
Түркістан облысы әкімдігі
Тегтер: Жамбыл облысыЖұмыс сапарыҚанат БозымбаевҚР ҮкіметіТараз
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен БҰҰ өкілі жоғары білім мен жасанды интеллект бағыттарын дамытуды көздейді

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен БҰҰ өкілі жоғары білім мен жасанды интеллект бағыттарын дамытуды көздейді

29.05.2025
Денсаулық сақтау министрлігі түсініктеме берді

Денсаулық сақтау министрлігі түсініктеме берді

29.05.2025
Жамбыл әкімі ірі француз компанияларының өкілдерімен кездесулер өткізді

Жамбыл әкімі ірі француз компанияларының өкілдерімен кездесулер өткізді

29.05.2025
Жамбыл – Франция: Қарашөкеев форумда өңірдің инвестициялық әлеуетін таныстырды

Жамбыл – Франция: Қарашөкеев форумда өңірдің инвестициялық әлеуетін таныстырды

29.05.2025
Жамбыл облысында «Қолөнершілер үйі» креативті хабы ашылды

Жамбыл облысында «Қолөнершілер үйі» креативті хабы ашылды

29.05.2025
Қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

29.05.2025
Тоқаев Астана халықаралық форумының Пленарлық сессиясында сөз сөйледі

Тоқаев Астана халықаралық форумының Пленарлық сессиясында сөз сөйледі

29.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский