• Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Байланыс
  • ҚАЗ
  • РУС
05.09.2026, 03:02
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
No Result
Барлық нәтижені қарау
TURANINFO.KZ ақпарат агенттігі
No Result
Барлық нәтижені қарау

Анар Жаилғанова мемлекеттік басқару тұжырымдамасының негізгі тұстары туралы айтып берді

turan_admin turan_admin
16.03.2021, 15:10
Облыс жаңалықтары
Анар Жаилғанова мемлекеттік басқару тұжырымдамасының негізгі  тұстары туралы айтып берді
405
қаралым
FacebookWhatsAppTelegramTwiiter

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанованың қатысуымен Мемлекет басшысы бекіткен Мемлекеттікбасқару тұжырымдамасына арналған баспасөз конференциясы өтті.

«Тұжырымдама азаматтардың мемлекетпен өзара іс-қимылын жақсартуға, мемлекеттік жоспарлаудың тиімділігін, мемлекеттік қызметтің кадр құрамының сапасын арттыруға, мемлекеттік қызметтер көрсетудің белсенді форматына көшуге, реттеушілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіруге, сондай-ақ сот және құқық қорғау жүйелерін трансформациялауға бағытталған»-деді Анар Жаилганова.

Мемлекеттік басқарудың жаңа моделі «халық үніне құлақ асатын», тиімді, есеп беретін, кәсіби және прагматикалық мемлекет қағидаттарына негізделетін болады.

Сондай-ақ, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде таланттарды іздестіру және оларды республикалық деңгейде мемлекеттік қызметке тарту жөніндегі тетіктер жетілдірілетінін атап өтті.

Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметке талантты жастарды тарту және мемлекеттік аппараттың әлеуетін арттыру үшін Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуді одан әрі жүйелеу бойынша жұмыс жалғасатын болады. Атап айтқанда, ағымдағы жылы Президенттік резервке екінші іріктеу өтеді.

Мемлекеттік қызметтегі проблемаларының бірі- мемлекеттік органдарда профильдік және бірегей мамандарының жетіспеушілігі болып қалуда, қажетті құзыреттері бар осындай адамдарды тарту үшін, меритократия қағидаттарын сақтай отырып, «позициялық» модельдің элементтері кеңейтілетін болады.

Іріктеу рәсімдерін одан әрі жетілдіру кезінде кандидаттардың, оның ішінде жұртшылық пен сарапшыларды тарта отырып, кәсіби және жеке құзыреттерін бағалауға баса назар аударылады.

Сондай-ақ жекелеген саяси лауазымдарға кандидаттардың құзыреттерін бағалау үшін ассесмент-орталық әдісі енгізілетіні туралы айтылды. Іріктеудің барлық кезеңдері автоматтандырылады, бұл іріктеу процестерінің объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді, сондай-ақ кандидаттарды проактивті түрде іздеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Тағы бір жаңашылдық — келісімшарттық мемлекеттік қызметшілер институтын енгізу. Бұл мемлекеттік бастамалар мен салалық жобаларды іске асыру кезеңінде арнайы білімі бар кәсіби мамандарды тартуға мүмкіндік береді.

Аталған міндеттер персоналды басқару қызметтерінің өкілеттіктері мен мәртебесін қайта қарауды және олардың дербестігі мен жауапкершілігін арттыруды талап етеді. «Кадрлық стратегия» және «кадрлық жоспарлау» сияқты ұғымдар енгізілетін болады.

«Кадрлық жұмыстан адами ресурстарды басқаруға көшу персоналды басқару қызметтерін күнделікті жұмыстан босатуды және олардың қызметін цифрландыруды талап етеді. Осы мақсатта біз операциялық
кадрлық процестерді оңтайландыруға және автоматтандыруға мүмкіндік беретін iQyzmet ақпараттық жүйесін құру бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз»-деді Анар Жаилғанова.

Брифинг барысында «Орталық» пен өңірлер арасында білікті мамандарды бөлудегі теңгерімсіздік (қабілетті кадрлар орталықта жұмыс істеуге тырысады) және министрліктердің мемлекеттік қызметшілерінің жергілікті жерлердегі жағдайды білуінің жеткіліксіздігі байқалатыны айтылды.

Ведомство басшысы Анар Жаилганованың айтуынша «орталықта» жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мемлекеттік қызметшілердің үлесі өңірлерде ұқсас көрсеткіштен 4,6 есе жоғары (;орталықта — 16,6%, өңірлерде – 3,6%); Болашақ бағдарламасын бітірушілер – 29 есе (орталықта– 4,5%, өңірлерде – 0,2%); Мемлекеттік басқару академиясының түлектері – 14 есе жоғары (орталықта — 5,3%, өңірлерде – 0,4 %).

Осыған байланысты, Агенттік орталық пен өңірлердегі мемлекеттік қызметшілердің еңбек жағдайларын теңдестіру бойынша бірқатар шаралар әзірлеуде. Бұл, мысалы, орталық пен аймақтар арасындағы және мемлекеттік басқару жүйесіндегі иерархия арасындағы жалақыдағы сәйкессіздіктерді азайтатын ФБШ (факторлы балдық шкала) жүйесі.

Мемлекеттік аппараттағы жұмыстың тартымдылығы әлеуметтік пакетті қайта қарау есебінен де артатын болады.

Сондай-ақ, қызметкерлерді бағалаудың ;360 градус  әдісін сандық режимде қолдану қамтамасыз етіледі, онда қызметкерге оның басшылары, қарамағындағы қызметкелері және басқа да мүдделі тараптар жасырын түрде этикалық баға береді.

«Сонымен бірге, «жаңа формация басшысы» бағдарламасын іске асыру арқылы трансформациялық көшбасшылар институты дамитын болады», — деп түйіндеді өз сөзін Агенттік Төрағасы.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі

БөлісуЖолдауБөлісуTweet
Құрылтай

Ұқсас мақалалар

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20
Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жамбыл облысында жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

03.09.2026, 10:51
Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

Жамбыл облысында 2026 жылғы шомылу маусымы қорытындыланды

03.09.2026, 10:49
Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

Тамыз айының топ-мақалалары: «Turaninfo.kz» оқырмандары қандай тақырыптарға басымдық берді?

02.09.2026, 19:06

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Залал жоқ» деді әкімдік өкілі: Тараздағы сотта 137 миллион теңге, 11 жоба және сарапшы дауы сөз болды

04.09.2026, 21:20

Ұлттық өнердің зерлі өрнегі: Әбілхан Қастеев атындағы музейде Бәтима Заурбекованың мерейтойлық көрмесі өтеді

04.09.2026, 12:52

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды

04.09.2026, 10:09

Қазақстан мен Лаос: достық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам

03.09.2026, 17:34

Жаңа Үкімет, ескі құрам: министрлер кабинетінде кім кетті, кім орнында қалды?

03.09.2026, 14:38

КӨП ОҚЫЛҒАНДАР

  • Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    Ержан Әмірбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Намаздан кейінгі дұға және тәсбих

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ауыл» партиясы Құрылтайға өтетін депутаттар тізімін бекітті

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Ақ жол» Демократиялық партиясы Құрылтайдағы депутаттық мандаттарды бөлді

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вице — Президент Ерлан Қарин немен айналысады?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, №16981- ИА куәлігі берілген.

Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com



  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Жарнама
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
    • Абырой
    • Басшылар рейтингісі
  • Саясат
  • Қоғам
  • Азаматтық қоғам
  • Мәдениет
  • Заң
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сараптама
  • Бейнеблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2026. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.